23:23
Ислам және медицина

ХАРАМНАН САҚТАНУДЫҢ ИГІЛІГІ

Мұсылмандар үшін харам саналатын шошқа етін жеу діни сенім тұрғысынан ғана емес, медициналық тұрғыдан да қауіпті екені айтылып та, жазылып та жүр. Доңыз етін жиі пайдалану ағзадағы гормондардың тез өсуіне ықпал етіп, адамды қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін. Сондай-ақ, шошқа етінің майлылығы жоғары болғандықтан, семіздікке әкеледі.

Арам асқа келсек, дұрыс бауыздалмаған малдың еті де денсаулыққа тым зиян. Мамандардың айтуынша, тоқ соқтырып немесе дәу балғамен маңдайынан аяусыз ұрып, қинап өлтірілген жануардың денесінде гемокультура жасағанда, үрей мен қорқыныш гормондары, басқа да артық қалдық шлактар мен зиянды заттар қалып қояды. Тұяқ серпіп, ағзасындағы қанды шығара алмай өлген малды бауыздау мен өлексе малды бауыздаудың арасында айырмашылық болмайды. Ал арам өлген малдың денесінде көп мөлшерде қан қалып кететіндіктен, қанның ішінде түрлі кеселдерді, әсіресе ісік ауруларын тудыратын концерогенді заттар сақталып ақалады. Ол заттар адам үшін өте зиянды. Тіпті жазылуы қиын қатерлі ісік (рак) те көбіне осыдан пайда болады екен.

Қазақ халқы да өз түсінігінде адалдықты ерекше бағалаған. Адал жар, адал дос, адал ас, адал еңбек, адал перзент секілді т.б. ұғымдардың бәрі ұлтымыз үшін әлі күнге құнды идеал болып келе жатқаны аян. Тарихымызда тұлпарына доңыздың басқан шөбін жегізбеген небір баһадүр, батыр-бектеріміз бар.

Қорыта келгенде, күнделікті тұрмыста харам астан тыйылып, харам істерге жоламай, ой мен бойды харамнан таза ұстау – әр мұсылман үшін маңызды. Сананы тұрмыс билеп, адамдар әртүрлі жолмен күнкөрісін қамдаған бүгінгі заманда халал мен харамның ара-жігін ажыратып, мұсылман адамның өз дініне берік болуы, шариғатымыз рұқсат етпеген істерден бойын аулақ салуы, ішкен-жегенін тазадан таңдауға тырысуы ахиреті үшін ғана емес, мына өмірде өзінің денсаулығы, ағзасы үшін де пайдалы.

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 82 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: