23:38
Ислам және медицина

ХАРАМНАН САҚТАНУДЫҢ ИГІЛІГІ

Харамқарау, көзді күнәдан сақтамау салдарынан аталық без ісініп, адамның несеп бөлуі жиілейді. Харамға көз салудың кесірінен құмарлық оты лаулап, оның ыстығы аталық ұрыққа да жетеді. Нәтижеде ол сұйықталады да адам уақытынан тез шаһуат шығару ауруына ұшырайды. Бұл – ең көп кездесін жыныстық аурулардың бірі. «Ұлы сөзде ұят жоқ» демекші, қазіргі бұғаусыз кеткен интернет заманында неше түрлі ұятсыз эротикалық және порнографиялық сайттардың қаптап тұрғаны ешкімге жасырын емес. шетелде осы мәселе жөнінде түрлі-түрлі зерттеулер жүргізілгеніне қарағанда, мұның соңы көптеген аурулар туғызатыны белгілі болды. Британдық психосексуалды терапия бойынша белгілі маман Анджела Грегоридің айтуынша: «Соңғы онжылдықта жыныстық әлсіздік белгілері тым күшейді. Әрбір оныншы жап-жас жігітте жыныстық проблемалар бар», - дейді маман. Ол сөзін ары қарай жалғап: «Бұрын біраз жасқа келген еркетерде қант диабетімен ауыратын, жүрек-қан тамыры нашар адамдарда болатын бұл ауру қазір өрімдей жігіттерде кезігетіні мені қайран қалдырды. Ол, әрине, мына интернеттегі ұятсыз бейнелердің (эротикалық видеолар, пронографиялық фильмдер) кесірінен», - деп қынжылды.

Кембридж университетінің психиатр мамандары: «Эротикалық бейнероликтер адамдарды тәуледілікке шақырады және ол наркотикалық зат секілді», - деп жеткізеді «Plos one» ғылыми журналындағы мақалада. Жүргізілген зерттеуде нашақорлардың миы мен эротика көп көретіндердің миы бірдей болып шыққанғ яғни екеуінде де ми кішірейген екен.

Тіаті бұл мәселемен күресу жөнінде арнайы сайт ашылыпты-мыс. Мысалы, 2011 жылдан бері сол сайтқа 120 жыныстық қатынас бойынша арыз-шағым түсіп, талқыланып, көптеген сарапшы уролог, психиатр, психолог, сесолог, сексопатолог секілді мамандар арнайы зерттеулер жүргізіп, кеңестер береді екен.

Тыйым салынған нәрседен таймаған жанар – жүректі өлтіреді. Өйткені ұятсыз нәрселердің әсерінен жүрек екі жақты тартыстың ортасында қалады: нәпсі мен шаһуат өзіне қарай бұса, иман өзіне тартады. Содан да жүрек әбден әбігерге түседі. Егер пенде харамнан көзін тыймаса, жұмсақ жүрек қатайып, оның көлемі созылып, ұлғая түседі. Оның бар ойы осынау ертеңгі күні іріп-шіріп кететін өткінші тән жайында болады да, жүректе Алла Тағалаға орын қалмайды. Ал Алланы зікір етпейтін жүректің де өліп, іріп-шіритіні белгілі жайт.

Қазақта «Өлімнен ұят күшті» деген мақал бар, «Ұяттан өртену», «Ұяттан жер астына кіру» деген ауыспалы мағынадағы сөздер рухани түрде де тікелей өілмге себеп болатыны өмірде кезігеді. Мысалы, көрші Ресейдің Воронеж қаласының зейнеткері супермаркетте бес-он тиындық затты ұрлаймын деп ұсталып, тура сол жерде ұяттан жүрегі тоқтап қалған.

Адам егер көзін харамнан сақтаса, онда жетістікке жеткені. Оның жүрегі рухани өлімнен аман қалады, керісінше мығым болады. Себебі Алла тағала оған ең үлкен сыйлық – Өзіне жақын болғандар қатарына енуді жазады. Жанарын сақтайтын адамның жүрегі әрдайым Аллаға бойұсынып тұрады және содан да ол Аллаға жақын.

Зинадан бөлек, арақ пен есірткі, анаша да адамды ақыл-естен ажырататын болғандықтан, дінімізде бұларға да тыйым салынған. Өйткені ақылдан азған адам сөзсіз айуандық әрекеттерге барады. Бұл – адамдық абыройға сын, пендені тура жолдан тайдырады. Дүкен сөрелеріндегі сыра мен шампандардың, арақ-шараптардың да харамдығын білген жөн. Сайтан зәрінің зардабы көп шаңырақтың шайқалуына, адамдардың ащу суға салынуына себеп болып отыр. (жалғасы бар)

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 59 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: