07:33 Ислам және медицина | |||
НАМАЗ және МЕДИЦИНА Қазіргі заман ғалымдары бес уақыт намаздың пайдасын жүрек-қантамыр үшін жүгірумен немесе жаяу жүрістің пайдасымен теңестіреді. Намаз уақытында адам кешенді қозғалыс жасайды, осының нәтижесінде қан айналымы жақсарып, ағзада зат алмасу процестері жүреді. Намаз оқу барысында мидағы қан ағыны артып, қан оттегімен қанығады. Намаз кезінде адам рухани үйлесім мен жан тыныштығына қол жеткізеді, стресс пен қорқыныштан арылады, әрі инфаркт пен басқа да жүрек-қантамыр ауруларының алдын алады. Мысалы, күнделікті таң намазы жүрек ауруының алдын алып, атеросклероздан сақтайды. Бұл тұжырымдаманы иордания кардиологтарының ассоциациясы жасады. Иордания дәрігерлерінің айтуынша, жүрек-қантамыр ауруларының басты себебі – тым ұзақ ұйқы (8 сағаттан артық). Ұйқы кезінде адамның қалыпты күндізгі жүрек соғысы 10%-ға дейін төмендейтін көрінеді (қалыпты жағдайда минутына 55-89 рет соғады), ал жүрек соғысының баяулауы өз кезегінде қан айналымды қиындатып, қан тамырлардың іркілісіне, жүрек бұлшықетінің әлсіреуіне әкеледі. Нәтижеде ағзада біршама қиындықтар туады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ұйқы уақытының аралығында үзіліс жасап тұрған жөн. Төрт сағаттық ұйқыдан соң тым болмаса 15 минутқа оянып, қандай да бір қозғалыстар жасаған дұрыс. Ал оны қамтамасыз ететін – таңғы намаз. Намаз адамның физикалық денсаулығымен қатар эмоционалдық жағдайын және өмір сапасын жақсартады. Күнделікті өмір барысында адам физикалық күш жұмсайды, ал намаз оқығанда, пенденің төзімділігі мен сабыры артады. Күнделікті бес рет оқылатын намаз жүру немесе жүгірумен бірдей физиологиялық әсерге ие. Салыстыру үшін біз кейбір ғылыми фактілерді ұсынамыз. Гарвард колледжінің 1916-1950 жылдар аралығында оқыған 17000 түлегінің қатысуымен жүргізілген соңғы зерттеулер 3 миль қашықтықта (шамамен 5 км) күнделікті жүгіруге тең болатын орташа аэробикалық жаттығулар намазға аналогия болып табылады. Сол орташа темптегі жаттығулар (намаз, йога, аэробика т.с.с.) денсаулықты жақсартып, өмірді ұзарта алады. Аптасына 2000 ккал энергия шығындаған адамдардың (30 минуттық жаяу жүру, жүгіру, велосипедпен жүру, жүзу және т.б.) жұмсаған энергиясы теңестірілген екен. Кейінірек орташа жаттығу жасап тұратындармен салыстырғанда, салауатты өмір салтын ұстанбайтын, белсенді емес оқушылар арасында кейінірек өлім-жітім көрсеткіші көп кездескен. Намаздың медициналық артықшылықтарынан бөлек, оны жүйелі түрде орындайтын мұсылмандар кез келген уақытта күтпеген дене жаттығуларына дайын болады. Мысалы, күнделікті намаз оқитын жандар көп күш-жігерсіз және қиындықсыз-ақ дене белсенділігінің артықшылықтарын байқатып жатады. Бес уақыт намазды рет-ретімен орындай жүріп, күнделікті тіршілікте қозғалысқа аз түсетін бұлшықеттердің қимыл-қозғалысы артып, денсаулыққа пайдалы нәтижесін көрсетеді. Қарттардың физиологиялық белсенділігі жас келген сайын төмендейтіні белгілі. Сүйектердің әлсіз, сынғыш келуіне ешбір ем-шара жасалынбаса, ол остеопорзға айналады. Бұл ауру сүйек массасының жоғалуы салдарынан сүйек сынықтарына және олардың «нәзіктігіне» байланысты. Егде жасатағы адамдарда ат алмасу деңгейі де төмендейді. Барлық өмірлік маңызды органдардың резервтік фнукциялары қиынайды және олар ауруларға сезімтал болады. Денедегі қалпына келтіру процестері баяулайды және иммунитет төмендейді. Алғашқы остепороз қарттарда ғана емес, сонымен қатар эстроген тапшылығына байланысты постменопаузды йелдердің арасында да кең таралған. Әйелдер ерлерге қарағанда бірінші типтегі остеопорозбен ауыратын адамдарға қарағанда алты есе көп. Остеопороздың алдын алудың үш негізгі стратегиясы – кальций мен D дәрумені, тұрақты жаттығулар мен сэтрогенді алмастыру терапиясын қолдану арқылы диета ұстау. Намаз кезінде тұрақты, қайталанатын дене қозғалысына байланысты тиімділік жақсарады, бұлшықет күші мен сіңірдің төзімділігі жоғарылайды, дене икемді болады, жүрек-қантамыр белсенділігі жақсарады. Осылайша, намаз барлық жастағы адамдардың өмір сапасын жақсартып, бойына сабыр сыйлайды, өмірде болатын күтпеген жағдайларды оңай жеңуге мүмкіндік береді. Намаздың діни, жеке тұлғалық, әлеуметтік, тәрбиелік, медициналық пайдасы бар. Тарауық, жұма намазы секілді топтық әрі ұзақ намаздар адамдардың төзімділігін арттырады және өзін-өзі бағалауға үйретеді, бойларына сенімділік береді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |