20:32 Ислам және медицина | |||
ПАЙҒАМБАРДАН ҚАЛҒАН АҚ НЕКЕ Неке – бұл Алла Тағаланың алдында жасалған келісімшарт. Өйткені некеге тұратын әйел мен ер адам бір-біріне тек Алланың аяттары арқылы адал болады. Некелесу, үйлену, тұрмыс құру – дініміздің негізінің бірі. «Үйлену – менің сүннетім» (Хаким, 2/146, Ибн Мәжжа, 1/295); «Үйленіңдер, көбейіңдер, мен сендердің көптіктеріңмен қиямет күні басқа үмбеттерге мақтанамын» (Ибн мәжжа, Никах, 1; Әбу Дәуіт, 1879); «Шүкір еткен көңілге (жүрекке), зікір еткен тілге және ахирет жолында сендерге көмекші болатын салиха (жақсы) әйелге ие болуға тырысыңдар!» (ибн Мәжжа, Никах, 5). Некелесу рухани саулықпен қатар денімізге де есендігін тигізеді екен. «Жалғыздың аты шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деп бекерге айтылмас, жақында жүргізілген зерттеу көрсеткендей, бойдақ әйелдердің 28%-ы ерлі-зайыптыларға қарағанда жүрек ауруынан ерте кетеді. Және бұл некедегі әйелдің жүрек ауруларының даму қаупіне әсер етпейтіндігін тағы бір дәлелдеп отыр. Жалғыздық ер адамдарды да бей-жай қалдырмады, жауырыны қаты болса да, жалғызбасты ерлер де жүрек ауруларына жиі шалдығатыны жайлы деректер бар. «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан» демекші өмірде жалғыз жүру, өмір сүру текпсихологиялық не социологиялық проблемалармен бірге міндетті түрде денсаулыққа да кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда көптеген аурулардыңрттарында осы жалғыздық тұратыны жиі айтылуда. Мәселен, соңғы зерттеулерде тіпті, шизофрения ауруына да жалғыздықтың қатысы бар екен. Монреалдағы Конкордия университетінің психологтары мен Brigham Young University (АҚШ) зерттеуші мамандары Джулианна Хольт-Ланстад пен Тим Смит өз зерттеулерінде жалғызбасты адамдар отауласқандарға қарағанда аз өмір сүретінін көрсетті. Зерттеу жұмысы бірнеше адамға ұзақ уақыт жүргізіліп, оның қорытындысы «Perspectives on Psychological Science» журналында жарық көрді. Қазіргі қоғамда көптеген қыз-келіншектер мен ер адамдар өз теңін, серігін таппауы, кездестірмеуі немесе жоғалтып алуы себепті, жалғыз өмір сүруге мәжбүр. Ал кейбір жандар оқу оқып, шетелде білім алуды, қызметтік баспалдақтардан өтуді басты мақсат қойып, отбасын құруды екінші орынға ысырып жүр. Аамның ұзақ уақыт бойы жалғыздықта болуының салдары мінезінің тұйықталуына, туған туысы мен достарынан, қоғамнан алшақтап, оқшаулануға әкеледі. Жалғызбасты адамдардың күйзеліске жиі ұшырайтыны да содан. Тіпті атақты шығармашылық иелерінің өзі шығармашылық жалғыздықты ұнатып, небір жауһар шығармалар тудырғанымен, өмірінің соңында жан күйзелісінен азап шеккен. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ей, жастар қауымы! Кімнің мүмкіндігі жетсе, үйленсін. Себебі үйлену көзді харамнан, абыройдың жоғалуынан ең жақсы қорғайтын нәрсе» деп отбасын құрудың жеке адам үшін де, қоғам үшін де пайдалы екенін, пендені жауапкершілікке тәрбиелейтінін айтып кеткен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |