20:33 Ислам және медицина | |||
ПАЙҒАМБАР «ТӘБӘССҮМІ» Жылау ғалымдардың зерттеу объектісінен таса қалмады. 2008 жылы өткізілген 3000-нан астам адам қатысқан тағы бір зерттеуде жылау да адамның өмірлік қиын жағдайын жақсартуға көмектесетінін көрсетті. Деректер қорытындысы жылауды терапияның, яғни емдеудің бір түрі ретінде қарастыру мүмкін екендігін болжап берген. Жапония елінде Хидафуми Йошида деп аталатын «мұң мұғалімі» бар екен. Йошида жылаудың психологиялық әрі физикалық тұрғыда көптеген артықшылықтары барына кәміл сенеді екен. «жылау тіпті күлкіге, ұйқыға қарағанда стресстің деңгейін төмендетуде әлдеқайда тиімді», - депті «Japan Times» газетіне берген сұхбатында ұстаз. «Эмоциялық ән тыңдау, қайғылы киноларды көру, жаныңды тебірентетін кітаптарды оқу біздің игілігіміз үшін зор пайда әкелуі мүмкін», - деп сөзін жалғады ол. Осылайша, жүрек ырғағын бәсеңдететін парасимпатикалық жүйке ынталандырылады да, бұл бүкіл организм үшін босаңсуды қамтамасыз етеді. «Егер сіз аптасына бір рет жылауды әдетке айналдырсаңыз, сіз стрессіз өмір сүре аласыз», - дейді Йошида мұғалім. 2014 жылы Йошида Тоһо университетінің медицина факультетінің оқытушысы Хидэохо Аритамен бірлесе отырып, халық арасында өздерінің ресми дәрістерін бастау үшін жылау арқылы стресстен айығуды айтып, халықты үгіт-насихатқа шақырды. Таңғаларлығы, бұл ұсыныс мектептерде, университеттерде және бизнес қауымдастықтарда жылы қабылданған. Йошида жылауды жер-жаһанға жар салып, жаңалық ашады-ау деп жүргенде, ол бар болғаны жалғастырушы із ғана екен. Негізі, бұдан ертеректе 1981 жылы геотология ғылымын зерттеуші, өзі невролог дәрігер Уильям Фрэйдың «Tear Expert» (Миннесота университеті) атты зерттеулерінде қайғылы фильм көргенде көзден аққан жастағы ақуыз құрамы, жуа ашып жылаған жастағы ақуыздан көп екені анықталған. Жалпы, жылағанда жаспен бірге ағзадан зиянды элементтер шығады екен. Соның ішінде стрессті өршітетін катехоламиндер де босанып шығады. Тек зиянды заттар ғана шықпай, пайдалы да «лизоцим» деген фермент бірге бөлінеді екен. Ол табиғи бактероцид, яғни бактерия мен вирустардың көзін жоюшы. Жылағанда тыныс болына да жас тамшылары түсіп, ағзаға кіретін табиғи тесіктен микробтарды залалсыздандырады. Сонымен қатар көздің шырышты қабаты жасқа және сыртқы орта факторларына байланысты өте нәзік болғандықтан тез құрғап, сезімталдығы азаяды екен. Сондықтан ара-тұра жылау көзді ылғалдандырып тұрады екен. Бәрімізге белгілі, пайғамбар (с.ғ.с.) аз күліп, көп жылаған. Жасаған құлшылықтары мен оқыған Құраны үнемі жылаумен жалғасқан. Өзінің өсиетінде: «Құран оқығанда жылаңдар, егер жылай алмасаңдар, жылай алмағандықтарың үшін жылаңдар», - деп жылауды насихаттаған. Сахабалар да құлшылықтарын жылаусыз өткізбеген. Мысалы, Әбу Бәкір (р.а.): «Жылаңдар, егер жалғыз қалып жылай алмасаңдар, біреумен оытырп жылаңдар», - дейтін. Өзара қарым-қатынаста болсын, қандай да болсын қателіктер мен қуанышта болсын үнемі көздерінде мөлтілдеп жас дайын тұратын. Әртүрлі ғибрат алатын оқиғаларда, пайғамбар жүргізген уағыздарда жыламайтын сахабалар жоқ шығар. Пайғамбарымыз екі дүниенің қамын да ойлаған әрі өзгелерге үлгі көрсеткен. Әсте, қалыпты орта деген түсінікті пайғамбардан үйрену қажет. Қай кезде күлімсіреу керек, қай кезде жылау керек, мұны білу де маңызды. Қазақ атамыздың «Жылау мен күлу – төркіндес» немесе «Қайғы мен күлкі – егіз» деген мәтелдері бекер айтылмаған болар. Сондықтан шектен тыс күлу мен шамадан тыс жылаудың зиян екенін айдан анық. Алланың құдіретімен кейбір өсімдіктер жылай алады екен. Флора ғылымында жылау қабілетін «гуттация» деп атайды. Ол өзінің белгілі каналдары арқылы жас бөледі. Ғалымдар бұл өсімдіктердің неге «жылайтынына», онда нендей сыр барына өсімдіктердің неге «жылайтынына», онда нендей сыр барына таңдана қарайды. Анығында, өсімдіктердің бойындағы мұндай көріністің болуы – Алланың аят-дәлелдерінің бірі. Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде: «Шын мәнінде, күлдірген де, жылатқан да Ол» (53:43), - дейді. Оған қоса: «Оны пәктеп, тасбих жасамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ, сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар» (17:44), - дейді. Ал енді қараңыз, әрбір нәрседе Өзінің жалғыз, еш серігі жоқ екеніне дәлел болатын аят-дәлелдерді орналастырған Алла Тағала нендей пәк?! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |