09:34 Ислам және медицина | |||
ПАЙҒАМБАР «ТӘБӘССҮМІ» Қазіргі зымыраған заманда ғылым да, медицина да бір орнында тұрмасы айдан анық. Күн сайын жүздеген ғылыми мақалалар жарыққа шығып, түрлі ғылым салалары пайда болып жатқан уақытта өмір сүріп жатырмыз. Олай болса, пайғамбарымыздың әр сөзін, амалын, хадисі мен сүннетін, ахлағын зерттеп зерделейтін ғылымға қазіргі уақыттың өзі мұқтаж. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың ашық, жайдарлы, адамдардың көңіліне еш қаяу түсірмейтін, үнемі күлімсірейтін кейпі сахабаларды ұдайы ұрандатып, рух беріп отыратын. Тіпті пайғамбардың жай ғана риясыз күлімсіреп қарауының өзі сахабаларға күннен қуат алғандай әсер қалдыратын. Пайғамбар нұрына шомылған ардақты сахабалар күні бойына сергек жүретін. Бұл сиқырлы сезім, әрине, пайғамбардың күлкі терапиясы екені енді ашылып отыр емес пе?! «Дін бауырына күлімсіреген жүзбен сәлем беру – садақа» (Бәйхақи) немесе «Бауырына қарсы күлімсіреу – бір садақа» (Тирмизи) деп айтқан сөздері де үнемі күлімсіреу керектігін насихаттаған. Күлкінің пайдасы медицинада баяғыдан айтылады. Оны зерттейтін ғылым – геотология. Күлкі ағзадағы 80-ге жуық бұлшықетті босаңсытады екен. Күлу не күлімсіреу кезінде ағзада стресс түзетін гормондар деңгейі азаяды, иммундық жүйе нығаяды, ауру сезімін басатын табиғи эндорфиндер бөлінеді. Нейрофизиолог мамандар жүргізген зертеулерде, күлген уақытта адам миында жүұйке жүйесін қалыпқа келтіретін сондай импульстар түзіледі екен. Көп күліп, аз ашуланатындарда депрессия дерті мүлдем болмайды. Тіпті медицина атасы Гиппократтың өзі тамақтану үстіндегі қызықты да көңілді әңгіме астың жақсы қорытылуына әсерін тигізетінін байқаған екен. 2007 жылдың қарашасында Норвегияда дәрігер Суен Суебок өткізген зерттеу нәтижелері күніне кемінде бір рет күлімсірейтін адамның күлмейтін адамға қарағанда ұзақ өмір сүретінін дәлелдеген. Суебок және оның командасы 54 мыңдай норвегиялықты жеті жыл бойы бақылап, өмірде қызықты нәрселерді көрмейтіндерге қарағанда орта есеппен аз да болса әзілі (юмор) бар ересектер ұзақ өмір сүреді деген қорытындыға келді. Тағы бір зерттеуді мысалға алар болсақ, Балтимор институтының кардиологтары зерттеу жүргізген. Онда бірнеше адамды белгілі бір уақытта екі топқа бөліп тексерген екен. Бірінші топта – сау адамдар, ал екіншісінде – жүрегі ауыратындар. Әлеуметтік сауалнама біткеннен кейін, салмақ, стресс, тамақтануы мен қимыл-қозғалысты ескере оытырп қорытындылағанда, екінші топтағы жүрегі ауыратындар өмірлерінде тым аз күледі екен. Адам күлгенде домафин, эндорфин мен серотонин секілді «бақыт» гормондары бөлінеді. Олар өте күшті «нейротрансмиттер» болып табылады. Осының әсерінен адамның белгілі бір бұлшықеттері босаңсып, жүрек соғу жылдамдығы мен қан қысымы тұрақталып, бір мезгіл қуанып әрі тынығып қалады екен. Күлкі адам ғұмырының ұзақ болуына ықпал жасап қана қоймай, сонымен қатар иммунитетті де күшейтеді. Осыны Калифорния университетінің ғалымдары анықтаған. Күлген кезде стресс гормондарының деңгейі төмендеп, түрлі вирустарға төтеп беретін Т-лимфоциттерінің көлемі ұлғаяды. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, күлкі адам ағзасындағы қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына тосқауыл жасайды екен. «Ішегі түйілгенше күлді» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам күлген кезде оның бұлшықеттері қозғалады. Бұл қозғалыс іш құрылыстың жұмысын жақсартып, ағзадағы зиянды қалдықтардың сыртқа шығуына ықпал етеді. Кейбір жандар бетіне әжім ерте түсіп кетуден сақтанып, көп күлмеуге тырысады. Мұның барлығы бекершілік! Адам күлген кезде оның бет-жүзінде 72-ден аса бұлшықеттің жұмысы жақсарады. Сол бұлшықеттер есебінен қан айналым жүйесі жақсарып, тері қабаттары жұмсарады. Бет-әлпеті әрленіп, сымбатты да сұлу болады. Егер де адам баласы үнемі мұңайып жүретін болса, оның бет терісі өз әсемдігін жоғалтады. Ғалымдардың айтуы бойынша, 40 минут демалыс уақыты 5 минут күлгенмен бірдей. Шаршап-шалдығып, көңіліңіз құзалып жүрсе, арасында күлуді де ұмытпаңыз. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |