22:10 Ислам және медицина | |||
ПАЙҒАМБАР ҰНАТҚАН МЫСЫҚ Мысық адамның ауыратын жеріне барып жатып алады деген болжам бар. Медицина ғалымдары мұны әлдеқашан дәлелдеген екен. Нағыз физиотерапевт – ол мысық. Мияулағыштың мамық терісін бірнеше минут ипау – инфаркт пен инсульт қаупін азайтатын көрінеді. Себебі мысықты сипалау – әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пырылының өзі адамдарға шипалы. Адам ашуланғанда не болмаса қатты шаршағанда да үй жануары көмекке келеді емес пе?!. Сезімтал жануар күйзеліп отырған адамға жақындау арқылы оны тыныштандыруға, сабасына түсіруге тырысады екен. Мысықтың әйелдерге қарағанда, ерлердің денсаулығына көбірек пайдасы бар. Дәрігерлер бұл төрт аяқты жануарды үйде ұстау ер адамдарда жүрек талмасы (инфаркт) мен ми салдануының (инсульт) қаупін 20%-ға дейін азайтатынын айтқан. Мысықтың емдік қасиетіне ерекше мән беретін ағылшындар мысықты енді адамдарды есірткі мен ішімдіктен емдеудің құралына айналдырып отыр. Әсіресе ақ түсті пырылдауықтар бүкіл ауруды жаза алуға қауқарлы екен. Сол себепті Ұлыбританиядағы кейбір дәріханалар ақ мысықты емдік терапияда сатуға көшкен. Германияның, Швецияның және Финляндияның ауруханаларында науқастармен қарым-қатынас жасау үшін арнайы мысықтарды дайындайды екен. Көптеген жылдар бойы анимотерапиямен айналысқан неміс психологі Эвелина Топп пен тағы бірнеше дәрігердің зерттеуі мысық пырылы адамның регенерацияға деген қабілетін оң әсерін тигізетінін дәлелдеді. Олар арнайы терапевтік тербеліс диапазонында шамамен 25-100 (20-44) герц жиілігінде пырылдап, адамның зақымдалған бұлшықеттері мен сүйектері қалыпқа келетіні анықталды. Осы нано-пырылдау толқындары адамдар үшін өте пайдалы болып шықты. Бұл деректі анықтай түсу үшін бірталай зерттеу жұмыстары жүргізілген. Нәтиже бойынша мысықтың пырылдауы сынған сүйекті және зақымданған бұлшықетті қалпына келтіріп, ентікпеден құтылуға септігін тигізген жайттар бар. Дәл осы секілді тағы бір зерттеу нәтижелері жүйке ауруларына шалдыққан адамдардың қатарында мысық асыраушылардың жиі кездеспейтінін көрсеткен. Ал екінші орын ит асыраушылардың еншісінде. Жүйке ауруларына көбінесе мүлдем үй жануарын асырамайтындар шалдығатын болып шықты. Миннесота университетінің ғалымдары мысықтың жүрекке тигізетін пайдасын да дәлелдеді. Олардың мәлімдеуінше, мысық асырамайтындар жүрек талмасына өзгелермен салыстырғанда 40%-ға жиі ұшырайды екен. Ғалымдардың сөзіне зер салайық: «Мысықтар күйзеліс пен алаңдаушылықты жойып, соның арқасында жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Жүрек талмасына шалдыққан науқас мысықты бірнеше минут сипаса, оның қан қысымы қалпына келеді». Жалпы, АҚШ-та мысықпен емдеу тенденциясы қатты дамыған екен. Айта кететін жайт, итпен мысықтың ағзаға зиянды жақтары да бар. Мысалы, жұқпалы аурулар таратуы мүмкін. Аллергиялық асқынулар тудыруы ықтимал. Сондай оқиғаның бірі: «Португалияға туристік сапармен барған 24 жастағы британиялық Джемма Берч көшеде кезген мысықты сипаймын деп қол-аяғы салданып қалған», - деп жазады «Лента.Ру» ақпарат агенттігі. Иммундық жүйесі толық қалыптаспайынша, жас сәбилерді ит пен мысыққа мүлде жақындатпаған жөн. Жақында иттің сілекейінен бір адам ауыр дертке шалдығып, ауру дереу асқынып, қол-аяғынан бірден айырылғаны жайында «Daily Mail» ақпарат агенттігі жазған. Исламда итті үйде асырау құптарлық іс емес. өйткені ит бар бөлмеге рахмет періштелері кірмейді. Ит аулада итке арналған үйшікте болуы керек. Пайғамбарымыз көбінесе иттен сақтану керектігін айтқан. Ибн Омардың (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз: «Аңшылық пен малшылықтан тыс үйінде ит асыраған адамның сауабы күнде кеміп оытрады», - дейді. Әсілі, мүмін үйінде ит асырауға кететін күші мен шығынын өзге де қайырлы істерге жұмсағаны дұрыс. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |