19:05 Ислам және медицина | |||
ПАЙҒАМБАР ҰНАТҚАН МЫСЫҚ Ислам тарихында мысықтың пырылдағаны Аллаға зікір айтуы деген түсінік бар. Тізіліп қатар ұшқан құстар мен қазықтай қадалып тұрған тау-тастар қалай болғаны біздерге беймәлім зікірмен Хаққа құлшылық етеді. Өсімдіктердің ғибадаты қиям (тік тұру), жансыз деп саналғандар да жерге жабысқан түрде, яғни сәжде күйінде Хақ Тағалаға мадақтар айтатыны белгілі. Әлемге нұрын төккен, адамзаттың асыл тәжі пайғамбарымыз мысықты ерекше жақсы көрген. Мысық мешітке кіруге рұқсат берілген бірден-бір хайуан. Осыдан-ақ бұл жануардың исламдағы орнын білуге болады. Абдурраһман есімді белгілі сахаба мысықтарды жақсы көріп, қастерлегені үшін «Әбу Хурайра» деген есіммен мәшһүр болған, яғни мысықтың әкесі атанған. Алла елшісінің «Му’изза» есімді аппақ мысығы болған деседі. Екі дүние сардарының оны жақсы көгені соншалық – орнынан тұрарда шапанының етегінде ұйықтап қалған мысықты оятып алмау үшін жатқан жеріндегі киімін қиып тастап, өз шаруасымен кеткен. Мысық ішкен сумен дәрет те алғанын мына хадистен аңғаруға болады: Анас ибн Мәликтен біреу мысық жайында сұрағанда, ол былай деген екен: «Бірде Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге Бухтани жеріне жолға шықтым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) маған дәрет алатын су дайындауымды тапсырды. Алайда ол келгенінде дәрет суы құйылған ыдыстан бір мысық су ішіп жатты. Ардақты елші (с.ғ.с.) болса, мысықтың шөлі қанғанша күтіп тұрды. Сонда мен суды жаңартайын дегенімде, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ей, Анас, мысық деген таза жануар және ешқашан кір қылмайды», - деп жауап берді». Жануарлар тарихын зерделесек, мысықтар қасиетті деп саналмаған ел мен жұрт жоқтың қасы екен. Әр ұлт пен ұлыс, әр дін әпсанасында (мифология) мысыққа қатысты әңгіме бар. Мысықтарды зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы – фелинология. Фелинология ғылымы жайлы арнайы сайт та бар екен: http://www.felinology.org.uk/ Мысықтың емдік қасиетін, оның өз иесіне шипасын адамдар ерте кезден-ақ білген. Мысықпен емдеу тәсілін «фелинотерапия» дейді, яғни бұл ғылым мысықтың қалыпты физиологиясын, адам мен мысық арасындағы биомедициналық байланысты зерттейді. Мысық терапиясы адамның биоөрісіне әсер етеді, жүйкесін тыныштандырады, қан қысымын төмендетеді. Мысық арқасын қолмен сипағанда одан дельта толқын бөлінеді, бұл сол күнгі көңіл-күйге жақсы әсер ететіндігі ғылыми дәлелденіп отыр. Эдинбург қаласының ғалымдары үй жануарлары мен қожайындарының жай-күйі арасындағы қарым-қатынасты анықтаған екен. Жаңа зерттеуге 40-85 жастағы 10 мыңнан астам адам қатысқан. Адам денесіндегі «емдік» әсер бойынша жетекші позицияларды мысықтар иемденген екен. Олардың иелері иті мен үй жануарлары жоқ адамдарға қарағанда инсульт пен инфарктқа 10%-ға аз шалдығады екен. Мысық асыраған адамның 10-15 жыл ұзақ өмір сүретінін ағылшын ғалымдары дәлелдеп отыр. Америка ғалымдары көптеген зерттеулерден кейін әрбір үйде бір-бір мысықтан болу керек деген қорытындыға келді. Демек, мысық асыраудың қандай артықшылықтары бар? Мысықтың пырылы жануарға тән жай ғана дыбыс болғанымен, оның түрлі дертке ем екенін белгілі болды. Мысықтың пырылдаған дыбысы мынадай ауруларға шипа көрінеді:
(жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |