21:29 Ислам және медицина | |||
АДАМЗАТТЫ АРДАҚТАҒАН ТҰЛҒА Тақырыпта «адамзат» сөзін алуымыздың себебі – орыстың атақты ғалымы, ветеринария саласының негізін қалаушы академик Константин Скрябиннің «Медицина – адамды емдейтін болса, ветеринария – адамзатты емдейді» деген сөзі себеп болды. Скрябиннің адамзат деп отырғаны адамнан бөлек Алланың басқа да жаратылыстары емес пе? Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) адамдармен қатар Алланың басқа жаратылыстарын, әсіресе жан-жануарларды да жақсы көріп, оларға мейірімін төккен. Ешқайсысына қастандық жасауды құптамаған. Бір әйелдің мысықты бірнеше күн ас-сусыз қалдырып, аштан өлтіргенін, ақыр соңында тіршілік иесіне қатыгездік танытқан әйелдің тозаққа түскені жайындағы оқиға көпшілігімізге таныс. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Егер сендердің жануарларға жасаған қиянаттарың кешірілсе, онда көп күнәдан арылатын едіңдер», - деген хадисі көп нәрсені аңғартатыны сөзсіз. Құрбан шалудың өзінде малды қинамай бірден бауыздауды аса назарға алған. Қазір исламофобиялық көзқарас белең алған заманда, «экоцид» (зооцид) деген түсініктер бар. Әсіресе, құрбан айт кезінде күллі мұсылман әлемінде атқарылатын құрбан шалу дәстүріне кейбір дінсіздердің қарсы шығуы – жануарларға жай әншейін жаны ашыған кейпі. Ол құрбан шалу ибраһим (а.с.) пайғамбардың мирасқорымыз дейтін яһудилердің өздері жасамайтын амал, мұсылманға сол «Халил» пайғамбардан қалған игі мұра. Жалпы адамзат соңғы 500 жылда мыңнан астам жануар мен өсімдік түрлерін жер бетінен жойып жіберумен қоймай, соңғы ғасырда аң мен малға азғындық жасауда шектен шықты. Қытай мен Кореяда ит пен мысықты, балықты тірідей пісіріп беру үйреншікті жайға айналып барады. Енді қазір өзіміздің кейбір мейрамханалара осы «дәстүр» ас мәзіріне енгізіліпті. Қысықкөз клиенттердің көз алдында тірі итті пісіреді. Аспазшылардың айтуынша, ит не мысық неғұрлым қатты қиналса, соғұрлым дәмді шығады екен. Яғни жанын көзіне көрсетіп қуырғанда, жануардан көп мөлшерде адреналин бөлінеді. Балықтың басын сүлгімен жауып немесе аузына мұз толтырып, құйрығын майға шыжғырады. Тілі жоқ жануар қалай шыңғырсын, шегіп жатқан азабын бадырайған көзімен білдіреді екен. Солай жартылай піскен, жартылай тірі балықты тапсырыс берушілінің алдына әкеліп, ол болса сүйсініп жейді. Қазір қала тұрмақ, ауылдың сәнқой бикелері мен әйелдері, апаларға дейін киіп жүрген қара күзен (норка) тонының қалай жасалатыны да баршаға мәлім болды. Бір тонын жасауға 40-42 күзен ауланып, терісі тірідей сыпырылып алынады. Сонда ғана тері мен жүні жылтырап, тауардың әрін келтіреді. Кәпірлердің қылығы байқалмайды да, мұсылмандардың құрбан шалуы көзге көрініп қалады екен. Ал енді кейбір жандардың адамдардан көңілі қалып, қоғамнан алыстап, жан-жануарларға махаббаттары ауды. Ауғаны соншалық – хайуандардың хақысын қорғаймын деп тым шектен шығып кетті. Сондықтан аты жаман «экотерроризм» деген сала шықты. Олар аң аулайтын құрал-саймандарды бұзып, өртеп, керек болса, ауыр автокөліктер мен техникалардың жарнамасында жануарлар бейнеленген дүкендерді сындырып, қиратып, жағып жібереді. Бұл әрекеттер сол мемлекетке экономикалық миллиондаған шығындар алып келеді екен. Әсіресе осы бүліктен АҚШ қатты зардап шегеді екен. Тіпті Американың халқына, мемлекетіне ең қауіпті террорлық ұйым деп те жариялапты. Қарасақ күлкілі, жандыны сақтаймын деп жансызды қиратады, сонда не айырмашылық, бұл «вандализмнің» ең асқан шегі. Ислам қалыпты ортаны ұстайтын, тіршілік иелерінің бір-бірінің денсаулығына, өміріне залал-зардабы болмағанын қалайтын, мейірімділікке бастайтын дін. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |