12:59
Ислам және медицина

АС ҮСТІНЕН АТТАМА, АСТАН ҮЛКЕН ЕМЕССІҢ

Сүннетпен сабақтасқан қазақ слатына үңілсек, тамақтанудың да өзіндік әдібі барын көреміз. Адам денсаулығына ішкен тамағы мен жеген асы әсер ететіндігін, кейде пайдалы, кейде зиян шектіретінін қазақтың мақал-мәтелдерінен аңғру оңай:

«Ас тұрған жерде ауру тұрмайды», «Ас – адамның арқауы», «Таңғы ас – тәңірден», «Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама», «ертеңгі асты өзің іш, Түскі асты түстенгішпен бөліп іш, Кешкі асты жиналып көбің іш», «Ауырсаң – айран іш, сіңірің түйілсе – сүт іш», «Жаман ауруға – жақсы ас», «Сарымсақты жедің бе, Сырқатқа ем дедің бе?!» - деген мақалдар дұрыс тамақтану арқылы түрлі ауруға ем табуға болатынын негіздесе: «Ауру – астан», «Ас ішіп ауырғанша, аш болып сау жүр», «Ас қадірін білмеген аштан өледі», «Өле жегенше, Ағайынмен бөле же», «Арамдық қып ішкен ас, Ішіңе барып болар тас» сынды мақалдар астан ауру табуға да болатынын байқатады.

Асты шақтап ішу, тамақтану мерзіміне тәулік бойғы тамақ мөлшерінің дұрыс бөлінуі өте маңызды. Мысалы, адамдар таңертеңгі ас пен түскі аста тәуліктік рациондағы калориялардың жалпы мөлшерінің үштен екісін, ал кешкі аста үштен бірінен кемірегін алуға тиіс. Себебі еңбек күні аяқталғаннан кейін кешкісін адамдар энергиясын жұмыс уақытына қарағанда аз жұмсайды, ал түнде ұйықтағанда ожан жа аз кетіреді, сондықтан кешке ұйқыға жатар алдында тамақты көп жесе, ішке барған көмірсутегінің дені толық қорытылмай, тері асты шелмай қабатына жиналып, семіздікке әкеледі.

«Мешкей деген жақсы атақ емес» демекші, қомағайлықтың адам денсаулығына зиянды тұстары көп екені сөзсіз. Әлем диетологтарының зерттеулері асты қалыпты мөлшерден артық тұтыну семіздік пен қант диабеті, жүрек-қан тамырлары мен асқазан-ішек жолдары ауруларына шалдықтыратынын күмәнсіз дәлелдеі. Соңғы уақытта БДСҰ-ның диетолог, эндокринолог дәрігерлерінің тағамтану бойынша есебінде дұрыс таңғы ас ішу екінші типті қант диабетін тиімді емдеудің алғашқы қадамы екені айтылды.

Қант диабетін атамыз қазақ «сусамыр» дерті деп атаған. Бұл – қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен болатын дерт. Диабетті қарапайым тілмен түсінірсек, бұл ауруға шалдыққан жандар үнемі шөлдеп жүреді. Тамаққа да тоймай, тәбеті созылмалы типте жалғасып, өзін тамақтан шектей алмайды. Әлем бойынша диабетпен ауыратындар саны қазіргі кезде жарты миллиардқа таяу.

Қай сырқаттың болсын алдын алу мен сол аурумен күресудің жолы қай кезде де дұрыс тамақтану, салауатты өмір слатын ұстану. Адамның қалай тамақтануы, біріншіден, оның жасына, жынысына, денсаулығына, кәсіп түріне және ауа райына байланысты болса, екіншіден, ұлтық дәстүрі мен мәдени деңгейіне, әлеуметтік тұрмысы мен азық-түліктің жеткіліктілігіне байланысты.

Биологиялық тұрғыда ғана емес, адамның рухани өмірінде, әр халықтың жанына етене жақын салт-дәстүр, әдет-ғұрпында астың алатын орны, мәні өте зор.

Тамақтанудың шынайы әдептілік көрсеткіштерін есте ұстап, жас жеткіншектердің үйдегі, түздегі, оқу орындарындағы тәрбиесіне жете көңіл бөлу де маңызға ие. Адамның тәні мен жанын кемелдендірудің жолын іздеген ұлы ойшылдардың, соның ішінде ақын-жазушылар мен медицина ғалымдарының тамақтану әдебіне ерекше мән бергені тегін емес. шығыстың әйгілі ақыны Сағди Ширазидің айтуынша, адам тамақ ішу барысында көп жақты сыннан өтеді екен. Оның.

Артық жеп, аузыңнан шығып кетпесін,

Тым аз жеп, аштық өтіп кетпесін.

Шақтап жесең, тәңір көрер рақатын,

Сібелеп ішіп-жесең, келер зақым.

Көп ішіп, ішің ауырса тегі,

Дәрі-дәрмектің ондайда болмайды себі, -

деген өлең жолдарында тамақты дұрыс іше білудің пайдасы мен әдепке жатпайтын жақтары өткір де орынды сараланған.

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 149 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: