23:06
Имандылық ишараттары

39. Жүректің 5 емі

Абдулла әл-Антаки: «Бес нәрсе жүректің емі:

1) Салиқалы құлдардың мәжілісі;

2) Құран оқу;

3) Қарынды харамнан сақтау;

4) Түнгі намаз оқу;

5) Таңсәріде Аллаға жалбарыну», - дейді.

 

40. Үйді жәннаттың бір бөлігі ететін (рахатқа, шаттыққа бөлейтін) 5 нәрсе:

1) Үйде күнде Құран оқу. Ибн Сириннен жеткен риуаятта: «Құран оқылған үйге періштелер кіріп, шайтандар шығады және отбасында кеңшілік болып, жақсылығы артады. Ал Құран оқылмаған үйден періштелер шығып, шайтандар кіреді және отбасында таршылық болып, жақсылығы азаяды» деген.

2) Алладан көбірек жарылқау тілеу (истиғфар айту), ертелі-кеш Алланы зікір ету және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту. Алла Тағала Құранда:

«Һәм (оларға) былай деді: «Раббыларыңнан кешірім сұраңдар, расында, Ол – Аса Кешірімшіл! (Сонда) (Алла) сендерге аспанды (жаңбырды) нөсерлете жібереді, һәм сендерді мал-мүлікпен және балалармен қолдайды да, сендер үшін (жер бетінде) бақтар жасайды әрі сендер үшін өзендер ағызады» («Нұх» сүресі, 10-12-аяттар).

Мәкһул былай дейді: «Кім «Лә хәулә уә лә қууатта иллә билләһ» деп айтса, Алланың қаһарынан құтылады және жетпіс қиыншылығы жеңілдейді. Оның ең төменгі дәрежесі кедейлік». Тағы бір риуаятта: «Лә хәулә уә лә қууатта иллә билләһ» сөзімен Алладан көмек сұраңдар. Ол тоқсан тоғыз қиыншылықты кетіреді. Ең ең төменгі дәрежесі уайым», - деп келеді.

3) Намаз оқу (парыздан бөлек нәпіл намаз). Нәпіл намазды мешіттен қарағанда үйде оқыған абзал. Біріншіден, бұл риядан аулақ етіп, амалдары жойылып кетуден қорғайды. Екіншіден, намаз оқу арқылы үйдің іші берекеге толады, Алланың мейірімі, періштелері түсіп, шайтандар қашады.

4) Садақа беру. Хадисте: «Мал-мүліктеріңді зекет берумен қорғаңдар, ауруларыңды садақа берумен емдеңдер, пәлекетті дұға және құлшылықпен қарсы алыңдар», «Садақа бергеннің мал-мүліктері азаймайды (керісінше, көбейеді)», - дейді.

5) Үйді таза ұстап, айына бір рет болса да «бахур» түтетіп отыру. Жалпы, ғалымдар үй ішінде жүректің тыныштығына, адамның рахат сезінуіне үйдің тазалығы мен ретті тұруы сеп болады деген. Бахур арқылы үй іші жағымды хош иіске бөленеді. Имам Шағби: «Хош иіс ақылды арттырады» деген. Хафиз ибн әл-Жәузи: «Мисктің пайдасы – ол қайғыны сейілтеді, жүрекке қуаныш сыйлап, күшейтеді. Ми мен көздің қызметін жақсартады, т.б.» десе, сюти: «Иіс су жүректі тазартады. Негізі, миск (иіс су) жәннаттан шыққан», - дейді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: