22:20
Имандылық ишараттары

34. Таң қалатын 5 нәрсе

Даналардың бірі былай дейді: «Дүние істерінің барлығы бір ғажап. Бірақ мен бес нәрседе алданып жүрген адам баласына қатты таң қаламын:

1) мал-дүниесі бар дәулетті адамға таң қаламын! Неге ол дүниесін өзіне қатты қажет болатын күнге жұмсамайды?

2) Тілі қозғалып сөйлеп тұрған адамға таңмын! Қалай нәпсісіне еріп, Алланы зікір етуден, Құран оқудан бас тартады?

3) Дені сау, қолы бос адамға таң қаламын! Ауызы үнемі ашық жүреді. Неге әр айда үш күн ораза ұстамайды? Ораза ұстаған адамға сауап берілетінін ойламай ма?

4) Төсегіне жатып таңға дейін ұйықтайтын адамға таң қаламын! Ол неге түнде тұрып, екі рақағат намаз оқудың артықшылығын ойламайды?

5) Аллаға қарсы батылы жетіп, тыйым салған нәрселерден тыйылмайтын адамға таңмын! Бұл істері Қияметте өзіне қайтатынын біле тұра, соңы не болатынын неге ойламайды?».

 

35. Адам баласы ескермейтін 5 жағдай

Ибн Саммак былай дейді:

1) Алланы еске алып жүрген қаншама адам Раббысын ұмытып кетеді;

2) Алладан қорқамын деп жүрген қанша адам Аллаға қарсы шығады;

3) Аллаға құлшылық етіп жақындап жүрген адамның қаншасы Алладан (рахметінен) алыс болады;

4) Алланыңмдініне шақырып жүрген қаншама адам Алладан қашады;

5) Алланың Кітабын оқып жүрген қаншама адам Алланың аяттарынан (мағынасынан) жұрдай».

 

36. Ғалымның 5 өсиеті:

Фадл ибн Ғиядтан бірі кісі келіп: «Маған өсиетіңді айт», - дейді. Сонда Фадл:

1) Басыңа қандай іс түссе де Алланың тағдыры деп айт. Сонда халықтың кінәлауынан арыласың.

2) Тіліңді сақта. Сонда бүкіл адам тіліңнен зиян шекпейді, ал сен Алланың азабынан құтыласың.

3) Раббыңның саған уәде еткен ризығына сен. Сонда шынайы мүмін боласың.

4) Өлімге дайындал. Сонда ғапылдықпен өлмейсің.

5) Қайда болсаң да Алланы көп зікір ет. Сол кезде барлық күнә атауынан сақтанған боласың.

 

37. Бес нәрсе 5 нәрсемен жақсарады:

1) Денсаулық – жақсы тұрмыспен;

2) Сапар – жақсы сұхбатпен;

3) Сұлулық – көркем мінезбен;

4) Ұйқы – мидың тынығуымен;

5) Түн – Алланы еске алумен.

 

38. Бес мінәжат

Яхия ибн Муғаз әр-Рази: «Уа, Раббым!

1) Саған мінәжат етпей түнімнің сәні болмайды.

2) Саған құлшылық етпей күнімнің сәні болмайды.

3) Сені зікір етпей жүниемнің сәні болмайды.

4) Сенің жарылқауыңсыз ақыретімнің сәні болмайды.

5) Сені көрмей жәннаттың сәні болмайды» деген екен.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: