22:27 Имандылық ишараттары | |
29. Адамзаттың ең ардақтысы 5 жан Суфян Сәури былай дейді: «Жаратылыстың ең ардақтысы бес адам: 1) Дүниені тәрік еткен ғалым; 2) Сопылық жолын ұстанған факиһ; 3) Кішіпейіл бай; 4) Шүкір етуші кедей; 5) Сүннетті ұстанған адал адам».
30. Бес нәрсе нәпсінің болмысынан Сәһл ибн Абдулла былай дейді: «Бес нәрсе жақсы саналған нәпсінің сипатынан: 1) Кедей болса да дәулетті көріну; 2) Қарны аш болса да тоқ көріну; 3) Қайғырып тұрса да қуанышын көрсете білу; 4) Бір кісімен арасында дұшпандық болса да махаббатын көрсете алу; 5) Күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқыса да әлсіздігін көрсетпеу».
31. Абзал адамның 5 қасиеті: 1) Аллаға деген құлшылығына, ғибадатына берік; 2) Адамдарға пайдасы тиетін; 3) Адамадр одан зиян шекпейтін; 4) Адамдардан еш нәрсе дәметпейтін; 5) Өлімге дайындалып жүретін адам.
32. Алланы зікір етудің 5 пайдасы: 1) Алланың разылығына бөлейді. 2) Құлшылыққа деген белсенділігі артады. 3) Алланы еске алып жүру арқылы шайтанның азғыруынан қорғалады. 4) Жүректі жұмсартады. 5) күнә істен алшақ етеді.
33. Екі дүниенің бақытына жеткізетін 5 сөз Абдулла ибн Амр ибн Ас (р.а.) былай деген екен: «Кімде-кім мына бес сөзді айтса екі дүниеде бақытты болады: 1) Әрдайым «Лә илаһа иллаллаһ Мұхаммадур-расулаллаһ» сөзін айтып жүру. (Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кез келген жағдайда Алла Тағаланы көп зікір етіңдер (еске алыңдар). Өйткені одан асқан Аллаға сүйкімді әрі пендені екі дүниеде күнәдан құтқаратын амал жоқ», - дейді). 2) Бір бәлеге, сынаққа душар болса, «Иннә лиллаһи уә инна иләйһи ражиғун, уә лә хәула уа лә қуаатә иллә билләһил-алийл-азим» деп айту. (Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланы зікір етуден басқа сөзді көбейтпеңдер. Расында, көп сөз жүректі қатайтады. Ал қатайған жүрек адамдарды Алланың рахметінен алыстатады», - дейді). 3) Нығмет берілсе шүкірлік ретінде «Әлхамдулилләһи раббил-аламин» деу. (Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға ең сүйкімді сөз төртеу: «Субханаллаһ, уәлхамду лиллиаһ, уә лә иләһә иллаллаһ, уәллаһу акбар», - дейді). 4) Бір істі бастарда «Бисмиллаһир-рахманир-рахим» деп бастау. (Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бисмилләсіз басталған әрбір іс – берекесіз», - деген). 5) Бір қателікке, күнәға ұрынғанда «Астағфираллаһал-азим уа әтубу иләйһи» деп айту. (Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім үнемі «истиғфар» сөзін айтып жүрсе, Алла Тағала оны әрбір қиыншылықтан құтқарады, әрбір қайғысын сейілтеді және ойламаған жерден ризыққа кенелтеді»). баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
