23:35
Имандылық ишараттары

23. Үмбеттің бұзылуына себеп болатын 5 топ

Ибн Мубарак: «Мына бес топ үмбеттің бұзылуына себеп болады»:

1) Ғалымдар. Олар – пайғамбарлар мұрагері. Егер ғалымдар дінді қойып, дүниеге құмартса, надандар кімге ілеседі?

2) Алла жолында жорыққа шыққандар. Олар – Алланың жер бетіндегі әскерлері. Егер Алла жолында крескен адам біреуден бір нәрсе дәметсе, риякер болса, жауды қалай жеңеді?

3) дүниеден бас тартқандар (зәһид). Олар – жер бетіндегі тұрғындардың тірегі. Егер заһидтер дүниеқоңыз болса, тәубе етушілер кімге ілеседі?

4) Саудагерлер. Олар – жер бетіндегі Алланың сенімді адамдары. Егер саудагер қиянатшыл болса, аманат қалай сақталады?

5) Басшылар. Олар – бақташылар. Егер бақташының өзі қасқыр болса, жауапкершілік қалай жүзеге асады?» - дейді.

 

24. Бес жақсы қасиетке ілескен 5 жаман қасиет

Мына бес дүниенің зейнеті саналады:

1) Ғалымның білімі;

2) Басшының әділдігі;

3) Пенденің құлшылығы;

4) Саудагердің аманатқа беріктігі;

5) Кәсіби мамандардың кеңесі, насихаты.

Ібіліс осы бес нәрсеге бес нәрсені ілестіріп қойды: білімге – қызғанышты, көреалмаушылықты, әділдікке – зұлымдықты, құлшылыққа – рияны, аманатқа – қиянатты, насихатқа – алдамшылықты.

 

25. Бес нәрсе 5 нәрседен мақұрым қылады:

1) Ғалымдарды құрметтемеген діннен мақұрым қалады;

2) Әміршілерді құрметтемеген дүниеден мақұрым қалады;

3) Көршілерін құрметтемеген көп пайдадан мақұрым қалады;

4) Күштілерді құрметтемеген олардың қолдауынан мақұрым қалады;

5) Өзінің отбасын құрметтемеген тыныш өмір сүруден мақұрым қалады.

 

26. Бес нәрсе 5 нәрсені арттырады:

1) Кішіпейілдік – ғалымдардың дәрежесін көтереді;

2) Мал-дүние – арсыздықты асқындырады;

3) Үнсіздік – қателеспеуге септігін тигізеді;

4) Ұят – көркем мінезді арттырады;

5) Әзіл – шаршауды басады.

 

27. Білімнің пайдасыз болуына 5 себеп

Біреу бір дана кісіден: «Неге біз білімді ести тұра, одан пайда ала алмаймыз», - деп сұрайды. Сонда әлгі дана былай жауап береді: «Бес нәрсе оны пайдалана алмауларыңа себеп болады:

1) Алла Тағала сендерге көптеген нығмет берді, бірақ сендер оған шүкіршілік етпейсіңдер.

2) Күнә істесеңдер, оған жарылқау тілемейсіңдер.

3) Алған білімдеріңе амал етпейсіңдер.

4) Салиқалы жандармен сұхбаттас болып, олардың жолына ілеспейсіңдер.

5) Марқұмдарды жерлеп, одан ғибрат алмайсыңдар».

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: