20:41
Имандылық ишараттары

19. Білім мен суды салыстырған 5 теңеу

Алғашқы буын (әс-сәләфу әс-солих) ғалымдардың бірі былай дейді: «Алла Тағала Құранда: «Әрі сел (су бетінде) қалқыған көбікті әкетті» («Рағыд» сүресі, 17-аят) деген. Бұл жердегі «сел» сөзі білім деп түсіндіріледі. Расында, Алла бес нәрсеге байланысты білімді суға теңеген:

1) Жаңбыр көктен жауғандай білім де көктен түседі.

2) Жер жаңбырмен көгергендей адамдар біліммен түзеледі.

3) Егін мен өсімдік жаңбыр суынсыз шықпағанындай амал мен құлшылық білімсіз кәміл болмайды.

4) Жаңбыр найзағай мен күн күркіреудің бір тармағы болғанындай білім де (жәннатпен) сүйіншілеудің, (тозақпен) ескертудің бір тармағы.

5) Жаңбыр пайдалы және зиянды болғанындай білімнің де пайдасы мен зияны болады. Біліміне амал еткен пайдасын көреді, амал етпегені зиянын тартады.

 

20. Бес нәрсені 5 нәрседен ізде:

1) Даңқты, атақты ақша мен рудан емес, кішіпейілдіктен ізде.

2) Байлықты молшылықтан емес, қанағаттан ізде.

3) Қауіпсіздікті бұл дүниеден емес, жәннаттан ізде.

4) Жайшылықты, рахатты көптіктен емес, аздан ізде.

5) Білімнің пайдасын көп жеткізгеннен емес, ілімге амал етуден ізде.

 

21. Хасан Басридың басқалардан 5 артықшылығы

Хасан Басридың басқа табиғин ғалымдардан артықшылығы мына бес нәрседе:

1) Өзі амал етпейінше біреуге бір нәрсе айтпаған.

2) Өзі бір істен тыйылмайынша біреуді одан тыймаған.

3) Алланың берген білімі мен дүниесінен біреу бір нәрсе сұраса сараңдық қылмаған.

4) Білімімен адамдарға мұқтаж болмаған.

5) Ішкі және сыртқы жан дүниесі бірдей болған.

 

22. Білімнің амалдан 5 артықшылығы:

1) Білімсіз амал болмайды, амалсыз білім болады;

2) Білім амалсыз пайда береді, амал білімсіз пайда бермейді;

3) Амал – орындалатын нәрсе, ал білім шырақ тәрізді нұрландырады;

4) Білім пайғамбарлар дәрежесіне жетелейді;

5) Білім Алла Тағаланың сипаты, амал пенденің сипаты. Алла Тағаланың сипаты пенденің сипатынан абзал.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: