22:36 Имандылық ишараттары | |
17. Ғалымның 5 сипаты Алла Тағала Құранда ғалымдарды мына бес сипатпен сипаттайды: 1) Имандылық. «Һәм білімде берік болғандар (білімі терең ғұламалар): «Біз оған (бүкіл аятқа) иман келтірдік. Бәрі де Раббымыздан (түскен)», - дейді. Алайда (бұдан) ақыл иелері ғана тәлім алады!» («Әл-Имран» сүресі, 7-аят). 2) Таухид (Алланы жалғыз деп сену, куәлік ету). «Алла Өзінен басқа құдайдың жоқ екендігіне куәлік береді және періштелер мен білім иелері де (куәлік береді). Ол – әділетті орнатушы. Одан басқа құдай жоқ. (Ол) Үстем әрі Дана!» («Әл-Имран» сүресі, 18-аят). 3) Жылау. «Шын мәнінде, одан (Құран түспестен) бұрын білім берілгендер өздеріне (Құран) оқылса иектерімен (жүздерімен) жер сүзе сәждеге жығылады да, «раббымыз! Сен Пәксің! Расында, Раббымыздың уағдасы, сөзсіз, орындалады», - дейді. Және иектерімен (жүздерімен) жер сүзе сәжде қылады да, (Алладан қорқып) жылайды. Бұл (Құранды есту) олардың (Аллаға) бойсұнуларын арттыра түседі» («Исра» сүресі, 107-109-аяттар). 4) Бойсұну (хушуғ). «Және иектерімен (жүздерімен) жер сүзе сәжде қылады да, (Алладан қорқып) жылайды. Бұл (Құранды есту) олардың (Аллаға) бойұсынуларын арттыра түседі» («Исра» сүресі, 109-аят). 5) Қорқу. «Ақиқатында, Алладан (Оның сипаттары, қадір-қасиеті жайлы) білімді құлдары ғана қорқады» («Фатир» сүресі, 28-аят).
18. Алладан қорыққан ғалымның 5 ахлағы: 1) Алладан шынайы қорқу. Құранда: Ақиқатында, Алладан (Оның сипаттары, қадір-қасиеті жайлы) білімді құлдары ғана қорқады» («Фатир» сүресі, 28-аят), - дейді. 2) Ықыласпен мойынсұну: «Алланың алдында ықыласпен мойынсұнып, Алланың аяттарын аз бағаға сатпайтындары да (мұсылман болғандары да) бар» («Әл-Имран» сүресі, 199-аят). 3) Кішіпейілдік. «Қанатыңды мүміндерге жай (оларға мейірімді бол(« («Хижр» сүресі, 88-аят). 4) Көркем мінез. «(Уа, Пайғамбар!) Сен оларға (қауымына) Алланың рақымымен жұмсақтық қылдың. Ал егер сен дөрекі, тасжүрек болсаң, олар маңайыңнан қашып кетер еді. Сондықтан да оларға (сахабаларға) кешірім қыл да, олар үшін (Алладан) кешірім тіле әр (маңызды) істе олармен кеңес. Ал егер (бір іске) бекінсең, онда Аллаға тәуекел қыл. Ақиқатында, Алла тәуекелшілдерді жақсы көреді!» («Әл-Имран» сүресі, 159-аят). 5) Ақыретті дүниеден артық санау. Құранда: «Ал білім берілгендер болса: «Құрып кетіңдер! Иман келтіріп, ізгі іс істеген жан үшін (Қарунның байлығынан гөрі) Алланың сыйы қайырлы. Ал ол (жұмақ) тек сабырлыларға ғана беріледі» («Қаса» сүресі, 80-аят), - дейді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
