18:18
Имандылық ишараттары

13. Бес нәрсе бақыттың белгісі

1) Жүректегі нық сенім (яқин);

2) Дінін бекем ұстау (тақуалық);

3) Дүниеқоңыз болмау (зуһд);

4) Жүзінде ұяттың болуы;

5) Дене мүшелерін күнә істен тыю.

 

14. Тақуалыққа жетелейтін бес асу

Даналардан қалған сөз: «Тақуаның алдында бес асу бар. сол асудан өте алса тақуалыққа қол жеткізеді:

1) Рахатты қиындыққа айырбастау;

2) Демалысты ауыр еңбекке айырбастау;

3) Өзін жоғары ұстауды кішіпейілділікпен айырбастау;

4) көпсөзділікті үнсіздікке айырбастау;

5) Ақыретті дүниеден артық көру».

 

15. Бес нәрседен артық нәрсе таппадым

Даналардан қалған сөз: «Тақуалық (зуһд) бес сипаттан тұрады:

1) Аллаға нық сенімділік;

2) Халайықтан аулақ болу; Әбу Сүлеймен әд-Дарани: «Зуһд – Аллаға құлшылық етуге тосқауыл болатын барлық нәрсені тастау» деген.

3) Амалда ықыластылық; Яхия ибн Муғаз былай дейді: «Кімде мына үш қасиет болмаса шынайы зуһдке қол жеткізбейді: «Істі еш нәрсеге қатысы болмаса да істеу, еш нәрсені дәметпей сөз сөйлеу, ешбір биліксіз қуатты болу».

4) Зұлымдыққа төзе білу;

5) Қолдағы барға қанағат ету. Жүнәйд былай дейді: «Зуһд (дүниені тәрк ету) – қолыңнан кеткен нәрсе (мал-дүние, оған деген махаббат та( жүрегіңнен кету».

 

16. Білім алудың бес жолы

1) Үндемей тыныш отыру;

2) құлақ салып тыңдау;

3) Естіген нәрсесін жаттау;

4) Жаттаған нәрсесіне амал ету;

5) Алған білімін басқаларға жеткізу.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: