16:55 Имандылық ишараттары | |
9. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 5 қасиеті Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: 1) «Уа, Әбу Һурайра! Тақуалық ет. Сонда адамдардың ішіндегі ең ғибадатшылы боласың; 2) Алланың саған бергеніне разы бол, сонда адамдардың ең байы боласың; 3) Өзіңе және отбасыңа жақсы көргеніңді мұсылмандар мен мүміндірге де тіле, өзіңе жек көрген нәрселерді оларға да тілеме; 4) Өзіңнің қарамағыңдағыларға жақсылық ет, сонда шынайы мұсылман боласың; 5) Көп күлкіден сақтан, расында көп күлкі жүректі қатайтады».
10. Бес қараңғылық пен 5 шамшырақ Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) былай дейді: «Бес нәрсе қараңғылық, бес нәрсе сол қараңғылықты сейілтетін шамшырақ: 1) Дүниені жақсы көру – қараңғылық, тақуалық – оның шамшырағы; 2) Күнә – қараңғылық, тәубе ету – оның шамшырағы; 3) Қабір – қараңғылық, «Лә иләһә иллаллаһ, Мұхаммадур-расулаллаһ» - оның шамшырағы; 4) Ақырет – қараңғылық, ізгі амал – оның шамшырағы; 5) Сират (қылкөпір) – қараңғылық, ал айқын иман – оның шамшырағы».
11. Тақуа адамның 5 сипаты Осман (р.а.) былай деген екен: «Мұттақиндердің (аса тақуалардың) белгілері бесеу: 1) Дініне пайда беретін, беталды сөйлемейтін адаммен ғана бірге отыратын; 2) Қолына қомақты дүние түскен жағдайда үлкен сынақ деп түсінетін; 3) Дініне пайдалы аз ғана нәрсеге қол жеткізсе, соның қадірін білетін; 4) Харам нәрсе араласып кетер деп сақтанып, халал нәрсемен қарнын тойғызбайтын; 5) Үнемі «барлық адамдар тозақтан құтылды, тек мен ғана тұтылдым» деген пікірде болатын адам».
12. Бес нәрседен артық нәрсе таппадым Омар (р.а.): 1) Көп сырластарды көрдім, бірақ тілімді сақтаудан артық сырлас таппадым. 2) Көп киімді көрдім, бірақ тақуалықтан артық киім таппадым. (Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу Һурайраға: «Тақуалық ет. Сонда адамдардың ішіндегі ең ғибадатшылы боласың» деген). 3) көп мал-мүлікті көрдім, бірақ қанағаттан артық малды көрмедім. (Хадисте: «Қанағатшыл бол, сонда шүкір етуші адамдардан боласың», - делінген). 4) Жақсы істің көп түрін көрдім, бірақ насихаттан артық жақсылық көрмедім. (Жақсылық жасау екі түрлі болады: а. Мал-дүниесін ешбір қайтымсыз жақсы жолға жұмсау. Хадисте: «Жақсылық қылғанды жақсы көру, жамандық көрсеткенді жек көру – адамның табиғатынан» деген. Жақсылық жасау адамдардың ризалығына жеткізеді, тақуалық ету Алланың разылығына бөлейді. Екеуін бірдей ұстаған бақытқа және мол нығметке қол жеткізеді. b. Жақсы сөз және ізгі амал). 5) Көп тағамдардың дәмін татып көрдім, бірақ сабырдың дәмінен тәтті дәм таппадым. Сабырлықтың үш рүкіні бар: а. Тағдырды сөкпей нәпсіні тыю; b. Тілді жаман сөз айтудан сақтау; с. Дене мүшелерін жаға жыртудан, бетті ұрудан, айқай салудан, басына топырақ шашудан аулақ ету. Кім осы рүкіндерді орындаса сабырлықтың артықшылығына жетеді. Сонда басына түскен сынақ (сабыр еткендігі үшін) ізгі амалға айналады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
