18:02 Имандылық ишараттары | |
5. Бес борыш 1) Аллаға, пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты оындалатын борыш; 2) Адамның өзіне қатысты борышы; 3) Мемлекет пен халық алдындағы борыш; 4) Үй іші, жақындарына қатысты борыш; 5) Адамгершілік әлеміне деген борыш.
6. Бес уақыт намаз: 1) Таң намазы – шынайы таң атқаннан бастап күн шыққанға дейін; 2) Бесін намазы – күн тас төбеше келіп, әрбір нәрсенің көлеңкесі өз бойынан екі есе ұзарғанға дейін; 3) Екінті намазы – бесін уақыты аяқталғаннан бастап, күн батқанға дейін; 4) Ақшам намазы – күн батқаннан бастап қызыл шапақ жоғалып кеткенше; 5) Құптан намазы – қызыл шапақ жоғалғаннан бастап екінші таң атқанша.
7. Бес құндылыққа шақыратын насихат: Тәмим ибн Аус әд-Дари (р.а.) жеткізген хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дін – насихат (шынайылық)» деді. Сонда біз (сахабалар): «Кімге насихат?» деп сұрадық. Сонда ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): 1) «Аллаға (Алланың жалғыздығына иман келтіруге, Оның серігі жоқтығына, бүкіл кемшілік атаулыдан пәк екендігіне, Оған құлшылық еткенде ықыластылық танытуға шақыру); 2) Оның кітабына (Құран Алланың кәләмі екендігіне иман келтіру, оның сүрелері мен аяттарына сену, оқиғаларынан ғибрат алу, ғажайыптығына ой жүргізу, үкім аяттарына амал ету, астарлы аяттарының мағынасын Аллаға тапсыру, Құран ілімін жаю және оған үндеу); 3) Елшісіне (Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне ілесу, оның Алла тарапынан алып келген нәрселерінің барлығына сену, әмірлерін орындап, тыйым салған істерінен тыйылу, оны жау санағанды дұшпан, дос санағанды дос тұту, алып келген шариғатын жаю және оған жала жапқандарға тойтарыс беру); 4) мұсылмандардың басшыларына (Хаққа болысу, шариғатта рұқсат етілген ісе бойсұну, қаперсіз қалған істерін жұмсақтықпен ескерту, адамдар арасына дұрыстықпен бітім жасауына көмек беру және оған қарсы шықпау); 5) жалпы адамдарға (Алланың әрі елшісінің әмірін, діннің заңдылықтарын үйрету, шынайы ықыласпен жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю, өзі жақсы көрген нәрсені оларға да тілеу, жек көрген нәрсесін оларға да қаламау, т.б.)», - деп жауап берді.
8. Уағыз айтуға қажетті 5 нәрсе: 1) Білімді болуы; Өйткені білімсіз адам уағыз-насихатты дұрыс жеткізе алмайды. 2) Мақсаты Алланың разылығы және дінді қорғау болуы; 3) Уағызды дөрекілікпен емес, жұмсақтықпен, мейіріммен айтуы; Себебі Алла Тағала Мұса мен Һарунды перғауынға жібергенде: «Оған жылы сөйлеңдер» («Таһа» сүресі, 44-аят) деген. 4) Сабырлы, мейірімді болуы; Алла Тағала Құранда: «(Адамдарды) жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тый һәм өзіңе жеткенге (сынаққа) сабыр ет» («Лұқман» сүресі, 17-аят) дейді. 5) Біреу айыптамас үшін айтқан сөзіне өзі амал етуі; Болмаса мына аяттың шеңберіне кіріп кетеді. Құранда: «Сонда сендер (о, Исраил ұрпақтары) адамдарды ізгілікке үндеп, ал өздеріңді ұмытасыңдар ма?» («Бақара» сүресі, 44-аят) деген. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
