11:45 Дипломмен - ауылға! | |
ҮКІЛІ ҮМІТ АРҚАЛАП Дана Абайдың: Ақырын
жүріп, анық бас, Еңбегің
кетпес далаға. Ұстаздық
еткен жалықпас, Үйретуден
балаға, - деген қанатты сөзінің маңызы салиқалы ғой қашанда. Осынау
қисыны қиын, қызығы қыруар мәртебелі кәсіптің жілігін шағып, майын ішкендер
атақ-абыройдың асқарына шықты да. Ақпараттық-коммуникациялық технология
заманында ұстаздықтың өрлеуі көз ілеспес жылдамдықпен қарыштауда. Демек жаңа
формация мұғаліміне артылатын жауапкершілік шаш етектен. Соған қарамастан
осынау мамандыққа деген іскерлік құлшыныс жастарды одан сайын қызықтыра,
жігерлендіре түсуде. Жуырда Ямышев жалпы орта білім
беретін мектебінде жылдағы дәстүр бойынша өткізілетін Лебяжі ауданы білім
қызметкерлерінің тамыз кеңесінің салтанатты бөлімінде 2013/14 оқу жылында
педагогтардың қатарын толықтыруға
бірқыдыру жас мамандар үкілі үміт арқалап, ресми түрде қатарға қабылданды.
Сахна төрін ажарландыра түскен жас педагогикалық қызметкерлердің әрбірінде
өзіндік даму жолы бар әрине. Жұмыс бойынша қоныс тапқан мектептерін алға қарай
ілгерілетуге барын салуға дайын. Орныққан оқу орындарында ұзағынан орнықсын
деген өтініш ұялайды. Солардың ішінде Бесқарағай
жалпы орта білім беретін мектебіне А.С.Абдоллаева есімді орыс тілі мен әдебиеті
пәндері мұғалімі бар. Ақтоты Серікқалиқызы Шығыс
Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Сәтбаев ауылының тумасы болып табылады.
Соңғы төрт жылда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде
жоғары білім алып, мамандыққа қол жеткізді. Бесқарағай жалпы орта білім беретін
мектебіне «Дипломмен – ауылға!» арнайы жолдамасымен жіберіліп отыр. Ақтотыға педагогикалық абыройлы
бастамада ақ ниет пен ақ жол тілей отырып, ерен еңбек арқылы табыс-берекеге
кеңелсін демекпіз. ИБРАҺИМ Бегімхан | |
|
Всего комментариев: 0 | |