15:08 Бірінші айналым мәресінде | |
2011/2012 оқу жылының І тоқсанын аяқтау хақында ӨКІМ
І тоқсанның аяқталуына байланысты (демалыс 5 қарашадан 12 қарашаға дейін, сабақтардың басталуы 14 қараша 2011ж.) мыналарды орындау қажет:
1. Пән мұғалімдері І тоқсандық бақылау жұмыстарын өткізуді 24 қазан һәм 31 қазан 2011ж. аралығында жүргізсін. 1 қараша 2011ж. ӘБ жетекшілеріне бақылау жұмыстарының сандық қорытындыларын тапсырсын. 1 қараша 2011ж. (17.00-ге дейін) ӘБ жетекшілері бақылау жұмыстарының қорытындыларын тапсырсын. Бақылау жұмыстарының қорытындыларында жұмыстардың сапалық сараптамасы айқын мазмұндалуы тиіс (төмен/жоғары көрсеткіштердің себептері, оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыстың жоспары, түзету диагностикасы, салыстырмалы мониторинг).
2. Барлық пән мұғалімдері 3 қараша 2011ж. дейін І тоқсандық бағаларды қойсын.
3. Сынып жетекшілері 3 қараша 2011ж. (17.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.
4. Пән мұғалімдері 4 қараша 2011ж. (17.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.
5. ӘБ жетекшілері 3 қараша 2011ж. (17.00-ге дейін) «І тоқсанда орындалған жұмыс туралы» мәтіндік есептерін тапсырсын.
6. Пән мұғалімдері ҰБТ-ге әзірлік бойынша (11 сынып), МАБ-ға әзірлік бойынша (4,9 сыныптар) мониторингтік-сараптамалық анықтамасы көрсетілген папкаларын тапсырсын (4 қараша 2011ж. 17.00-ге дейін).
7. Сынып жетекшілері демалыс кезінде сыныппен өткізетін шараны жоспарласын һәм 3 қараша 2011ж. (17.00-ге дейін) жоспарларын мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қапанова Г.Ж. тапсырсын.
8. Бастауыш және ортаңғы буын сыныптар мұғалімдері филология ӘБ мұғалімдерін шақырып, оқушылардың мәнерлеп оқу машығын тексеруді өткізсін. Оқу техникасын тексеру қорытындыларын 3 қараша 2011ж. (17.00-ге дейін) тапсырсын.
9. Медбике (тубвираждылар саны, тамақтандыру, оқушылардың медициналық хал-ахуалы көрсетілген, соматикалық мониторинг), кітапхана меңгерушісі, психолог орындалған жұмыс жөнінде мәтіндік есеп тапсырсын. Дене шынықтыру мұғалімдері, инструктор 3 қараша 2011ж. (17.00-ге дейін) мектеп оқушыларының мектептік һәм мектептен тыс жарыстарға қатысқаны һәм иеленген орындары хақында есептерін тапсырсын.
10. Аға тәлімгерлер І тоқсан бойынша орындаған жұмыс жайлы есепті 3 қараша 2011ж. мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қапанова Г.Ж. тапсырсын.
11. Барлық пән мұғалімдері құжаттама номенклатурасын тексеруге дайындалсын, сынып журналдарын, оқушылардың жеке құжаттарын, дәрісханаларды ретке келтірсін.
12. Пән мұғалімінің құжаттама номенклатурасы жағдайын тексеру 9 һәм 10 қараша 2011ж. 9.30-дан өткізіледі.
Тексеру тәртібі:
9 қараша
бастауыш сыныптардың ӘБ 9.30-10.30
математика, информатика, физика, сызу ӘБ 10.30-11.30
филология, ағылшын тілі ӘБ 11.30-12.30
10 қараша
музыка, технология, дене шынықтыру, бейнелеу өнері мұғалімдері 9.30-10.30
тарих, биология, химия, география ӘБ 10.30-11.30
сынып жетекшілердің ӘБ 11.30-12.30
Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары: Ибраһим Б.К.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |