12:19
Білімдіден шыққан сөз

ҰЛ-ҚЫЗЫМ, САҒАН АЙТАМ...

Өзіңе өзің сын көзіңмен қарап жүр.

Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.

Жаназа оқылып жатқан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.

Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлап жүр.

Көпке қарсы болма. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген мәтел бар.

Төсеккөрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.

Жас адам көлікке, атқа ең соңынан міну керек.

Үйде, дастарқанда адамдар жасына қарай үлкендер төрде, жастар төмен қарай отырады.

Жас адамдар үлкендер алдында, үлкендер жастар алдында өздерін әлепті ұстағандары жөн.

Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.

Бойыңды да, ойыңды да, арыңды да таза ұста.

Жүзің жарқын, жаның жомарт, мінезің жақсы болсын.

Көп ішінде жаныңдағы адаммен сыбырласып (құпия) сөйлеспе.

Сын сағатта әлсіздік, ұстамсыздық жасаған адамды халық жек көреді.

Қиын сәтте батыр болмасаң да батыл бол.

Халқым барда қарным ашады деп қамықпа.

«Миым ашиды» дегеннен гөрі «жаным ашиды» деген жөн.

Жақсы және жақсылық туралы айтуға әдеттен.

Халықтың «ақыл – жастан, асыл – тастан» деген керемет сөзіне ой жіберіп қарашы.

Ақ шашты атаны, ақ жаулықты ананы көрсең – ізет көрсет.

Жаман адамға да жақсы көзбен қара.

Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайыңды ұмытпа.

Халыққа, аруаққа шет болма.

Біреудің намысына тимей сөйле.

Біреудің кемшілігі мен істегі мінін көп алдында айтпа.

Жарлы болсаң да жарамсақ болма.

Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі де қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында жоқ нәрсе.

Баланы ойынмен, үлкенді шындықпен жеңесің.

Жазықсыз жәндікті өлтірме, малға зәбір көрсетпе.

Тәрбиеліден – тәлім, ғалымнан – ғибрат, өнерліден – өнеге ал.

 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 391 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: