12:55 Білімденудегі менеджмент белестері | |
Басқару мәдениетінің аксиологиялық компоненттері.
Қазіргі заманғы мектепті басқарудың маңызы һәм мәні болып табылатын басқару педагогикалық құндылықтардың жиынтығын құрайды. Мектеп басшысы басқару қызметінің үдерісінде басқарудың жаңа теориясы мен тұжырымдамасын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал тәжірибешілік қызмет барысында олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, тұжырымдама сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда. Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық үдерісті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құндылық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық үдерістерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б. Құндылық-қатынастар педагогикалық үдеріске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады; Құндылық-сапалар, басқарудың субъективтігі ретінде, басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көптүрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар бастықтың өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақтасу һәм бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді. Мектеп басшысының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық үдерісті басқарудың әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді шешу басшы-менеджердің педагогикалық талдау және жоспарластыру, педагогикалық үдерісті бақылау және реттеуді атқара алатын іскерлігіне байланысты. Мектеп басшысының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешудің әдіс, тәсілдерін қаншалықты меңгере алуына тікелей байланысты. Мектеп басшысының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру арқылы ашылады. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылықтарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады. Тұтас педагогикалық үдерісті басқару функцияларының бірі педагогикалық талдау болып табылады. Педагогикалық талдау функциясын қазіргі ұғымда алғаш рет қолданып, мектепішілік басқару теориясына енгізген Ю.А.Копержевский еді. Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бір-бірімен байланысқан функциялардан тұратын кез-келген басқару циклы талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Басқару қызметінің жалпы тізбегінен педагогикалық талдауды алып тастау оның күйреуіне жол береді, өйткені жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз кезегінде талдау жасалмаса, артынша ол логикалық қорытындыға жете алмайды. Педагогикалық талдау педагогикалық басқару үдерісінде тікелей емес, оқу-тәрбие барысында іске асырылатын болғанықтан, мұғалім сабақ, тәрбиелік шара өткізер алдында соған тікелей қатысты болатын педагогикалық жағдайдың негізгі элементтерін ескеруі һәм жан-жақты талдауы тиіс. Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргізілген талдау мектеп басшысының мақсатын белгілеп, міндеттерді айқындау кезеңде қателікке, шашыраңқылыққа, көбіне негізсіз шешім қабылдауға душар етеді. Педагогикалық немесе оқушылар ұжымында шынайы жағдайды білмеу педагогикалық үдерісте және өзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда қиындықтар тұғызады. Педагогикалық талдаудың мектепті басқару функциясы ретіндегі негізгі қызметі, Ю.А.Копержевскийдің пікірінше, педагогикалық үдерістің даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерін объективті бағалап, соның негізінде басқарылатын жүйелі жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ. Бұл функция - басқару циклының құрылымындағы ең күрделісі, өйткені, талдау зерттеу объектісін бөлшектеуді, оның әрқайсысының орны мен рөлін бағалауды, жеке бөліктен тұтас объектіні тани алуды, жүйе құрушы факторлардың байланысын анықтауды қамтиды. Басқа функциялар, жоспарластыру және ұйымдастыруға қарағанда, сырттай тиімділігі төмен болып көрінетін педагогикалық талдау жасырын, көлеңкелі сипат алады, сондықтан ол тұлғадан жинақтау, салыстыру, жүйелеу арқылы педагогикалық факторлар һәм құбылыстарды талдау үшін ақыл-ойды барынша ширатуды талап етеді.
баспаға әзірлеген ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
| |
|
Всего комментариев: 0 | |