16:49
Білгенге - маржан

АДАМҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Адамзат – өн-бойына мыңдаған қызықты деректерді топтастырған тылсым жаратылыс. Енді осы қызықты ақпараттарды тізбектеп көрейік.

1. Ағзадағы қалыпты мүмкіндікке 35-65% салмақ түскенде ғана, адамның бойында шаршау белгілері білінеді.

2. Жүрек қан тамырлары жүйесінің белсенділігі максималды түрде 18 сағатқа жалғасса, минималды көрсеткіші 3-4 сағатты құрайды.

3. Тұқым қуалау барысында биологиялық сапа белгілерінің берілуі бірінші баладан бастап, төртінші балаға дейін жалғасады. Одан кейінгі жүктілікте біртіндеп азаяды.

4. Өкпенің беткі қабаты – 100 шаршы метрге тең.

5. Адамның оң жағындағы өкпесі сол жағындағы өкпеге қарағанда ауа сиымдылығы жағынан үлкендеу.

6. Адамдардың сүйегі мен бұлшық еттерінің жалпы салмағы оның дене салмағының 30-40 пайызын құрайды. Ал, дененің 60 пайызы судан құралған. Нәзік жандылардың назарына: әйелдердің организміндегі майдың үлес салмағы кем дегенде 15 пайыз болуы тиіс. Егер осы көрсеткіштен кем болатын болса, онда белсіздікке ұшырау қаупі бар.

7. Жүректің бір дүрсілі 200 мл қан айдауға қауқарлы.

8. Ересек адамның қан айналымы 20-28 секунд ішінде жүзеге асса, сәбилерде – 15 секунд, ал жасөспірімдерде – 18 секунд.

9. Адам организміндегі ең мықты бұлшық ет – жүрек емес, тіл. Ал, жүректің бұлшық еті – ең шыдамды болып есептеледі.

10. Адам басындағы шаштың ұзындығының жиынтығын есептейтін болса өмір сүруіне қарай 725километрді құрайды.

11. Көзіңді ашып тұрып түшкіру мүмкін емес.

12. Күніне бір қорап шылым шегетін адам, жылына жарты тостаған қарамай ішкенмен тең.

13. Әйелдер ер адамдарға қарағанда екі мәрте артық көздерін жыпылықтатады.

14. Тістің эмалін кварцпен салыстыруға болады.

15. Адам ағзасындағы ең белсенді бұлшық ет – жүрек. Ересек адамның жүрегінің массасы – 0,425-0,570 кг. Жүректің салмағы жұқтырған немесе туа біткен аурулардың (жүрек ақауы болған жағдайда салмағы өседі), ал денені шынықтыру барысында салмақ түсірер болса, көбірек салмақ түсірген сайын жүректің массасы ұлғаяды.

16. Адамның көзі 10 миллион түске дейін ажырата алады. Ал, нәзік жандылар ер азаматтарға қарағанда түстерді әлдеқайда көбірек ажыратады.

17. Жаратылысы аққұба жандардың шашы жұқа әрі сирек келеді. Ал, сары адамдардың шашы – қалың, қара торы және сарғыштау жандардың шашы не қатты қалың емес, не қатты жұқа емес орташа болады.

18. Адамның тілінде 9000 жуық түрлі рецепторлардың дәмі болады. Алайда әр адам әртүрлі дәм сезгіш қасиетімен ерекшеленеді. Мәселен, біреулер қышқыл дәмді сезбесе, біреулер тұзды сезбеуі мүмкін. Рецепторлар неғұрлым баяу жұмыс істесе соғұрлым сезімталдық қасиет әлсірейді.

19. Жаңа туған нәрестелерде – 300 сүйек болса, ересек адамдарда – 207 сүйек (+ – 1-3 сүйектер, мәселен әрбір мойын және омыртқаның бөлшектерін қоса санағанда).

20. Адам денесіндегі жүйке импульсі секундына 90 метр қашықтықтықты бағындыру арқылы қозғалады.

21. Адамның терісі төрт түсті болады. Еш дағы жоқ тері ақ түске жатады. Ал тамырлар сәл қызғылт рең берсе, сары дақ белгілі бір түс береді. Меланин түстер ультракүлгін сәуленің әсерімен түрленеді. Дәл осы төрт түрлі үйлесім терінің түсін құбылтып, түрлі рең береді.

22. Адамның денесі кешкі уақытқа қарағанда таңертең ұзынырақ болып тұрады. Бұл – адам ұйқы құшағына енгенде бойын жазып жататындығымен байланысты. Ұйқы барысында омыртқаның арасындағы дискілер жаңа сұйықтықты сіңіреді. Аталмыш процесс барысында арқаның бұлшық еттері тынығады. Күн ұзаққа дискілер қайта қысылып, соның салдарынан сұйықтық ақырындап шығады да адамның бойы қысқарады.

23. Адамның миындағы электрлік импульс бір күн ішінде өте жоғары жылдамдықпен түрленеді. Тіпті әлемнің әр түкпіріндегі телефондардың импульсін қосқандағы мөлшерден де артық көрсеткішке ие.

24. Адамның сүйектері ағзадағы минералдардың тепе-теңдігін сақтау барысында жұқарады. Біздің сүйектеріміз қалыпты міндетінен тыс кальций мөлшерін реттеумен де айналысады. Сүйектердің құрамында фосфор және кальций бар. Кальций ең әуелі бұлшық еттер мен жүйке жүйесіне өте керек дәрумен. Егер ағзаға кальций жетіспесе арнайы гармондар сүйектің құрамындағы кальцийлерді ағзадағы өзге де бөлшектермен бөлісуге мәжбүрлейді. Сол себепті – дәрумен қабылдауды естен шығармаған абзал!

25. Тағы бір қызықты дерек: адам баласы тамақсыз бір апта өмір сүре алады, ал сусыз – тек үш-ақ күн шыдауы мүмкін (осы мерзімде адам денесіндегі судың 10 пайызы жоғалады, бұл – өлімге себепші болатын жәйіт). Адам организмінің басым бөлігі судан құралғанын жақсы білеміз. Нақтырақ айтқанда, 60%. Бұл – су, қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық. Жас ұлғайған сайын ағзадағы судың мөлшері 15-20 пайызға азаяды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 365 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: