ӨМІР МАҚСАТЫНА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
Абай түпкі мақсатқа жетудегі кедергілерді де ескертеді. Олар – пайда, мақтан, әуесқойлық. Пайда – адамды пәни өмірдің шырғалаңына байлап, өмірін Алла үшін емес, өзінің пайдасы үшін құрбан етуге мәжбүр етеді. Пайда адамды Алла тағаланың шапағатына бөленетін мәңгілікті рухани жолдан шығарып, соқтықпалы соқпағы көп, күнәға белшесінен батыратын, зардапты фәни өмір жолына түсіретін себептердің бірі. Абай бұл туралы өзінің отыз төртінші қара сөзінде былай деп жазады:
«Егерде екі нәрсе болса, бірі ахиретке керекті, бірі осы дүниеде керекті, бірін алса, бірі тимейтұғын болса, сонда біреу ахиретке керектіні алмай, екінші кез келгенде алармын деп, жоқ, егер кез клмейтұғын болса, кең Құдай Өзі кеңшілікпен кешіреді-дағы, мына кезі келіп тұрғанда мұны жіберіп болмас деп, дүниеге керектіні алса, енді ол кісі
...
Читать дальше »