09:35 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Оразақын Асқар Бас бата Елбасымыз алысты көрсін, Ел-жұртымыз табысты болсын. Қыздарымыз сұлу, Ұлдарымыз намысты болсын!
Көршілеріміз тыныш болсын, Таңдағанымыз жұмыс болсын. Малымыз төлдеп, егініміз көктеп, Дастарқанымызға ырыс толсын!
Қалада болсын, қырда болсын, Келген, кеткен риза болсын. «Жолдастан» жеріп, «мырзаны» теліп Алғандар нағыз мырза болсын!
Нарық қалтаны қақпайтын болсын, Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын. Қазақстанның барлық азаматтары Қазақша сөйлеп, алға аттайтын болсын! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
