10:01 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Фариза Оңғарсынова Жақсы дамның белгісі – Адалдықтан аттамас, Аңқауларды даттамас, Қара бастың қамы үшін Жазықсыздың намысын Біле тұра таптамас, Білегінен сескеніп Биліктіні жақтамас. Жақсы адамдар бір-бірін Жәбірлемес, жасқамас, Жау қолына тастамас. Бақ, билікке таласқан Өтті талай шақша бас. Ондайды елі мақтамас. Көргенді елдің бірлігі Ошағынан басталар, Сыйлас, сырбаз тірлігі Қосағынан басталар. Тату болса ағайын Жаулары да жасқанар. Бірлігі жоқ сарайың – Құр әншейін тас қамал. Ақылдының белгісі – Жас та болса, бас болар Ақылсыздың белгісі – Қарны тойса, мастанар. Тату-тәтті жүргенге Қара су да ас болар. Жақсы азамат – елінің Көзін ашар күрегі, Артып үміт сенімін Сүйенетін тірегі, Жарқылдаған жігері, Алтын балақ түлегі. Қолдар ондай жігітті Ел-жұртының тілегі. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
