18:27 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Фариза Оңғарсынова Қарияларға бата Түндерің тыныш болсын, Үйлеріңе ырыс толсын! Келіндерің есті болсын, Ұлдарың сесті болсын. Балаларың қуаныш әкелсін, Немерелер жұбаныш әкелсін. Орындарың төр болсын, Дастарқандарың мол болсын. Қатарларың көп болсын, Уайым-қайғыларың жоқ болсын. Жастардың қазасын көрмеңдер, Зұлымдардың жаласын көрмеңдер! Еліңде бірлік болсын, Жарасты тірлік болсын! Әумин!
* * *
Ұл балаға бата Жүсіптің дидарын берсін, Мұхамбеттің иманын берсін, Жанына даланың кеңдігін берсін, Әзірет Әлидің ерлігін берсін, Абылайдың байрағын берсін, Бауыржан батырдың айбарын берсін! Еліне ырыс-құт орнасын, Жеріне тыныштық орнасын! Өсек-аяңның құрбаны болмасын, Озбырлардың шұлғауы болмасын! Алыс жолдара, Қалың орманда, Тайғанақ құздарда, Шатқалда, мұздарда, Көлденең келер қазадан, Жазықсыз төнген жазадан, Әулие-әнбиелер қорғасын, Ата-баба рухтары қолдасын! Әумин! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |