16:06
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Сейіт Кенжеахметұылының батасы

Айналайын, аттасым,

Талантың судай қаптасын,

Атағың Абайдай болсын,

Абыройың Абылайдай болсын,

Жүректі болсаң Қабанбай жебесін,

Білекті болсаң Бөгенбай жебесін.

Наурызбайдай батыр бол,

Бауыржандай батыл бол,

Жалғыз болсаң Алланы есіңе ал,

Жарлы болсаң пайғамбарды есіңе ал,

Азамат бол, арлы бол,

Қатарыңның алды бол,

Біліміңмен әлді бол,

Халқың болсын тірегің,

Берік болсын білегің,

Қабыл болсын тілегің,

Жүз жыл соқсын жүрегің.

Дос-жараның сүйінсін.

Дұшпаның іштей күйінсін,

Басыңа бақыт құйылсын!

Әумин!

 

* * *

 

Ғабит Мүсіреповтің батасы

Балаңның басы үлкен болса,

Милы болсын – жақын елдерге сыйлы болсын.

Есенейдей болмасын,

Іздегені дау болмасын, өнер болсын!

Ойынан өлеңі,

Қолынан өнері төгілген шебер болсын!

Аллауакбар!

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: