22:52
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Бауыржан Момышұлы

Иллаһи Құдая,

Тілегімізді қабыл ет,

Иманымызды кәміл ет.

Тозақтың отынан сақта,

Қаңғыған оқтан сақта,

Парақор соттан сақта,

Кірлі сумен жуыстан сақта,

Ынтымақсыз туыстан сақта,

Қара жүрек батылдан сақта,

Көк долы қатыннан сақта.

Адамды қадірлемес есерден сақта,

Нанды басқан кесірден сақта,

Татымсыз қызыңнан сақта,

Ұятсыз ұлыңнан сақта,

Қайырымсыз жекжаттан сақта,

Жалқау бала, тек жат тексізден сақта,

Түнере атқан таңнан сақта,

Жаңбырсыз шаңнан сақта,

Жастарында әдеп жоқ,

Өлгеніе бәтуа жоқ,

Құр айғай, шат-шәлекей даңнан сақта!

Әумин!

 

* * *

Бауыржан Момышұлына әкесінің берген батасы

Ақ жүрек болып жолдасың,

Адалдық сені қолдасын.

Жақсылық үшін тірессең,

Жаныңды арың қорғасын.

Арынды болсын шабысың,

Алымды болсын табысың,

Найзадай болсын намысың.

Ер жігітке бәрі сын.

Қиындық көрсең, мұқалма,

Ауырлық көрсең жұқарма,

Қамқоршы бол кішіге

Үлкенді үлгі тұт аға!

Әумин!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 63 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: