22:50
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Разыбек қажының батасы

Дүниеде кем болмайды баталы құл,

Шашайын батаменен жемісті гүл.

Қосылған теңін тауып балалардың

Әуелі жасын ұзақ бақытты қыл.

Қаптаған қара ормандай шоғырлы қыл

Әр іске асықпайтын сабырлы қыл.

Алдында ақсақалдың абыройлы

Өзінен кейінгіге қадірлі қыл.

Сөйлесе айтар сөзін жүйелі қыл,

Қалдырмай қатарынан киелі етіп,

Ат мініп, жүгін артар түйелі қыл.

 

* * *

Көкен Шәкеев

...Осы тойда отырған,

Жасың үлкен аға бар.

Ағаға берер баға бар,

Ағаға серік жеңге бар –

Жеңгесіз күн кемге пар.

Ел басқарар дана бар

Әділ болса пана бар,

Әкең де бар, шешең де бар.

Жездең де бар, апаң да бар –

Қабағы түссе қатаң бар.

Балдызың бар, інің бар,

Інісіз қандай үнің бар.

Қарындасың, құрбың бар –

Сән-салтанат құрдыңдар.

Барлығына иіліп

Сәлем беріп тұрдыңдар.

Уа, екі жас, екі жас,

Сізге тілек ықылас:

Бақыт қонсын басыңа

Өле-өлгенше арылмас,

Мінез берсін тарынбас,

Өкпе берсін қабынбас,

Жүрек берсін жарылмас

Тыныс берсін тарылмас,

Денсаулық берсін табылмас.

Бейбітшілік күн берсін,

Ата-анаңды сағынбас!

Әумин!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 32 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: