23:19
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Ахмет Байтұрсынов

А, Құдайым, оңдасын!

Оңдағанның белгісі:

Мың саулығың қодасын!

Сексен інген боталап,

Сегіз келін қомдансын!

Тіленшінің биесін берсін!

Үйсін, Қоңырат түйесін берсін!

Біткен аруақтарға тие берсін!

Аллауакбар!

* * *

Құдайым жарылқасын, бай қылсын!

Төрт түлігін сай қылсын!

Кетпес дәулет берсін!

Мал-басыңа сәулет берсін!

Кең пейіл берсін!

Құрбандығың қабыл болсын!

Тілеген тілегіңді берсін!

Аллауакбар!

* * *

Асың, асың, асыңа!

Береке берсін басыңа!

Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа.

Сенен байлық өтпесін!

Тәңірі берген несібең

Тепкілесең кетпесін!

Желіңнің екі шетіне

Тай шаптырса жетпесін!

Кешке келіп жамырасқан,

Шуылдасып, маңырасқан,

Қошақанның енесі

Саулық бассын үйіңді!

Бақайлары сыртылдап,

Мйіздері жылтылдап,

Бұзаулардың енесі

Сиыр бассын үйіңді!

Шудаларын шаң басқан,

Артқы өркешін қом басқан,

Ботақанның енесі

Інген бассын үйіңді!

Шіңгір-шіңгір кісінескен,

Сүйінішпен иіскесең

Құлыншақтың енесі

Бие бассын үйіңді!

Аллауакбар!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 23 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: