17:20 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Үмбетәлі ақынның батасы Ер болсаң, ем бол! Ел сүйсінер бел бол! Ер жүрек екпінді, Ел бастаушы сен бол! * * * Ақ батамды берейін, Үстем болсын мерейің. Әрқашанда Құдайым, Жақсылыққа жеткізсін. Жақсылық сенен кетпесін, Жаманшылық жетпесін. Адал болсын жолдасың, Аман болсын мал-басың. Қосағыңмен қоса ағар, Қосағың жалғыз қалмасын. Ел іргесі аман болсын, Әділетті, тыныштықты заман болсын! * * * Шапырашты – әсілім, Айқым ата – нәсілім, Әйтек деген жігітке Өмірінің бәрі –сын! Құт-береке, ынтымақ Ұрпағына дарысын! Батыр туған жігіттің Әркім білер шабысын. Жетесі болса жігерлі Жібермес кек пен намысын! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |