12:56
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Досмайылдың батасы

Аппақ аққу, аппақ қаз,

Келер жылы болар жаз.

Аппақ көңіл, аппақ таң,

Ғұмыр деген тым-ақ аз.

Көкте ұшқан пірлерім,

Сендермен бірге бірледім,

Сендермен ұшып түрлендім.

Тілегімді қабыл ет,

Алдыма келген пендемнің

Сырқауын емде, тездеп жаз!

 

* * *

 

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған тама бақсы асқан ата.

Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.

* * *

Сөздің басы бісміллә,

Бісмілләсіз іс қылма!

Бісміллә десең Құдай бар.

Жын-шайтан көрінсе,

Сыртымнан әрі қуалай бер.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 32 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: