00:42
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Сұраншы батырдан бата сұрағанда

Батыр ел үшін туады,

Бағлан жер үшін туады.

Ата тұрып ұл сөйлемес болар,

Ана тұрып қыз сөйлемес болар.

Аға тұрып – іні жолын алмас болар,

Өйтіп ұятқа қалмас болар.

Аға деген аспандағы шырақ,

Ақ жайлау, алтын тұрақ.

Бұл алтын тонды

Сұраншы ағама жабамын.

Сөйтіп сол кісінің ақ батасын аламын!

 

* * *

 

Медеудің айтқандары

Сұрасаң арғы атамды ер Пұсырман,

Жақсы болмағы адамның пиғылынан.

Ойна, күл жас күніңде деп айтамын,

Пайда жоқ өлгеннен соң жиған малдан...

* * *

Құрдасыңмен жарасып жүр,

Жоқ жігітке қарасып жүр.

Аузында Алла, көңілінде тәубесі жоқтар,

Қара тұман төсінде адасып жүр.

Төңірегіңе дұшпандық етпе,

Заманыңмен санасып жүр!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 57 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: