09:55 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Халық бата-тілегі Ұрпағың өнерлі болсын, Өрісті болсын, Іс-қимылы келісті болсын, Ата-баба аруағы қолдап, Еңбектері жемісті болсын! Жары жібектей болсын, Ары түлектей болсын, Өнері өрлей берсін, Жас басы төрлей берсін! Аллауакбар!
* * *
Қыздарың қылықты болсын, Ғаламат білікті болсын. Күндей нұрлы болсын, Гүлдей түрлі болсын. Өлмес өнер берсін, Ән-жыр, өлең берсін. Теңдессіз дарын берсін, Ізгіліктің бәрін берсін. Талдай бой берсін, Таудай ой берсін. Жаздай жамал берсін, Оттай жанар берсін! Аллауакбар! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |