21:19 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Халық бата-тілегі Уа, Құдайым қолдасын, Жіберсін пейіл-жолдасын. Өмірлерің ұзақтан, Көгендерің тұсақтан болсын. Алдың береке, Артың мереке болсын. Бақ-дәулетің шашылып жатсын, Қазаның асылып жатсын. Періштелер қорғай жүрсін, Ақындар толғай жүрсін. Үйің қонақтан арылмасын, Құдайым пейіл-тілегіңді жарылқасын! Әумин!
* * *
Астарыңа адалдық берсін, Бастарыңа амандық берсін! Бала-шағаң бақ құшып, Отбасыларыңа жақсылық енсін! Дастарқандарың мол болсын, Абыройларың зор болсын! Көре алмаған дұшпаның, Көрге кіріп жер болсын! Дәмдеріңе дәм қосылсын, Әндеріңе ән қосылсын! Сәндеріңе сән қосылсын, Сан-санақсыз мол қосылсын! Көк жайлауды жайласаң, Тай-құлынды байласаң, Сабаң толсын қымызға, Шараң толсын уызға, Өрісіңе мал толсын, Ақ тілеуің жар болсын! Аллауакбар! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |