14:13 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ҚАЛША БАТЫР мен АҚҚУ Баяғы заманда қалың қолды бастаған Қалша Қыдыр деген батыр қолбасшы өмір сүріпті. Ол бір жолғы жорығында жолы болмай, сәтсіздікке ұшырайды, қарамағындағы сарбаздары бірі қалмай жан тапсырады. Өзі де жау қолынан жараланып, жалғыз қалады. Аштық пен шөл қысқан батыр аңқасы кеуіп, әбден өлуге айналады. Осы сәтте көк аспаннан бір аққу ұшып келіп, ауызына су тамызып, оны өлімнен құтқарады. Айдын көлдің жағасына апарып, жарасын емдеп жазады. Кейін бұл аққу асқан сұлу аруға айналады. Қалша Қыдыр сол аруға үйленеді. Олардың арасынан қазақ халқының арғы атасы – Қазақ туады. Қазақтың үш ұлы – Бекарыс, Ақарыс, Жанарыстан қазақ халқын құраған үш жүздің – Ұлы, Орта және Кіші жүздің ұрпақтары тарайды. жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |