18:45 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ҚҰСТАР ЖАЙЫНДАҒЫ МИФТЕР Ертедегі адамдардың мифологиялық түсініктерінде үш әлемнің (Жоғарғы, Ортаңғв, Төменгі) мекендеушілері жайында нышандық (символдық) түсінік орнықты. Жоғарғы әлемнің нышандары қанатты мақұлықтар, құстар болып табылады. Сондықтан қазақтың сиқырлы һәм қиял-ғажайып ертегілерінде Жоғарғы әлемде тұратын мақұлықтар жерге құс кейпінде келеді, ал өз әлемдерінде олар адам бейнесінде өмір сүреді.
БАБАЙ ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗИЗ бен АРУ АҚҚУ Бабай Түкті Шашты Әзиз бір күні Аргон өзенінің жағасына келіп, дәрет алып отырып, көктен үш аққу құстың ұшып келгенін көреді. Олар үстіндегі қауырсынды кебіндерін шешекен кезде ғажайып сұлу қыздарға айналады. Үш ару қыз өзен суына шомылып, алтын шаштарын алтын тарақпен тарасып отырғанда, Әзиз қулық ойлап ең кіші қыздың кебінін тығып қояды. Екі үлкен қыз кебіндерін киіп, аққу болып аспанға ұшып кетеді. Ал кебінінен айырылған кішісі кете алмайды. Осы сәтті пайдаланып Бабай Түкті Шашты Әзиз оған «жарым бол» деп ұсыныс жасайды. Қыз келісімін береді. Бірақ оған: «өкпемді көрме, өкшемді көрме, желкемді көрме» деп үш шарт қояды. Бабай Түкті Шашты Әзиз мұның бәріне көніп, көк аруына үйленеді, бірақ жүре келе қыздың шарттарында қандай хикмет бар екенін білгісі келеді. Бір күні әйелі кебінін ауыстырып жатқанда ол көзінің қиығымен байқап қараса, желкесінен миы, қолтығынан өкпесі, өкшесінен қызыл асығы көрініп тұрады екен. Үш шарттың бұзылғанын біліп қойған ару қайтадан аққу кейпіне еніп, көкке ұшып кетеді. Бұған өкінген Бабай Түкті Шашты Әзиз өмір бойы үйленбей өтеді. жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |