19:31
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

БЕС ТҮЛІК МАЛДЫҢ ИЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Ерте замандарда қазақтар әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек «бақташы иелері» бар деп сенетін. Қойдың «Шопан ата», түйенің «Ойсыл қара», сиырдың «Зеңгі баба», жылқының «Қамбар ата», ешкінің «Шекшек ата» деген «иелері» бар деп нанатын. Бұлар туралы көркемденген әңгімелер айтатын. Мысал үшін жылқы піріне арналған төмендегі жырды келтірейік:

 

Қамбар атаға

Шаруаның бір тлік пірі – Қамбар ата,

Тілегенде өзің бер ақтан бата!

Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып,

Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата!

Өзің сақта ысқырған жел мен жаудан,

Қуғын-сүргін сабылтқан төтен лаудан,

Шаруаны беймезгіл бөріктірген.

Өзің сақта пәлелі қиян даудан.

Тағы бір тілек тілейін,

Шын бергенің білейін,

Өңкей ала шұбардан,

Жал-құйрығы шұбалған,

Айғыр берсең байсалды.

Үйірі толған байталды.

Өңкей мама биемен,

Сауған сайын иіген.

Биесі бұтын жимасын,

Көнекке сүті сыймасын.

Ұзара берсін желісі,

Кеңи берсін өрісі,

Таусылмасын Тәңірдің,

Үсті-үстіне берісі.

Қоғалы көлді жайлаған,

Қоғаның басын шайнаған,

Шыңғыртып асау құлынды,

Қыл арқанмен байлаған.

Ел көшкенде балалар

Қиқу салып айдаған.

Қуғындарға жеткізбей,

Қашқандарды қоймаған.

Қамбар ата баласы,

Жылқы бассын үйіңді!

Жылқы басса үйіңді,

Жимай бассын үйіңді!

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 151 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: