15:36
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

САНАЗАРДЫҢ ТЕҢІЗ АТТАРЫ

Ертеде адай руында Саназар деген бір бай болыпты. Әлім руының бір жігітті оның қызына ғашық болып, әкелері құдаласыпты. Ғашық жігіт Саназардың ауылына қызға құпия келіп-кетіп жүріпті. Жігіттің сиқырлы аты бар екен, мұны тек Саназар мен оның қызы ғана біліпті. Содан Саназар сиқырлы атқа біреу-міреудің көзі тимесін деп, ауыл шетінде жігіт пен оның ғажайып пырағына арнап жеке үй тіктіреді, адамдардың оған қарауына тыйым салады. Дегенмен де көрсеқызар бір әйел жабудың арасынан сығалап, қанатты атты көріп қояды. Әйелдің сиқырлы атқа сұғы жаман көзі тиіп, ат сеспей қатады. Саназар болашақ күйеу баласына өзінің қанатты тұлпарын беріп, шерін басады. Бұл сиқырлы тұлпар Саназардың қолына былай түскен болатын.

Бірде ол оннан астам байталын жоғалтып, соларды іздеуге шығады. Сөйтіп, жылқылары мөлдір де тұнық суы бар бір суаттың басынан су ішіп тұрған жерінен үстінен көреді. Саназар жоғын тапқанға мәз болып, дем алып отырса, судан теңіз айғыры шығып, мұның байталдарымен иіскесіп, ойнай бастайды. Мұны көрген Саназар ақсақалдардың теңіз және өзен жылқыларының сиқырлы қасиеттері жайлы айтқан әңгімелерін еске алып, теңіз айғыры шапқан байталдарды ғана әкетіпті.

Буаз байталдардың құлындайтын уақыт та жақындайды. Ғажайып құлындар күткен Саназар байталдарын өзі мәпелеп бағып, күзетіпті. Бірақ әрбір жолы жаңа туған құлынды көктен бір тылсым күш келіп, алып кетіп отырады. Саназар тек біреуін ғана ұрлатпай алып ақа алады. Сөйтіп, Саназардың күйеу баласына өлген қанатты тұлпардың бодауына берген аты нақ сол теңіз айғырынан туған жалғыз құлынның ұрпағы болатын.

Теңіз аттарының қылшықтары алтын және олардың ауыздарында жады тас болады. Айғырлар судан шыққанда, бұл тасты биік жерге, төбеге қояды. Адамды көрсе, теңіз аттары бірден суға шомып, ғайып боп кетеді.

Башқүрттардың байұлы руының арғы атасы теңіз аттары деп есептеледі. Баяғы заманда Күшлік деген бір жігіт өзінің саят сұңқарын теңіз патшасының бірнеше атына айырбастайды. Судан қанатты Қара Жорға бастап бір үйір теңіз жылқысы шығады. Осы қанатты тұлпарлар жігіттің қолын сұлу қалыңдыққа жеткізеді, екеуінен байұлы руы тарайды.

Кейбір мифтерде атар айдаһарларға туыс болып келеді. Теңіз аттары айдаһарлардың бейнесі деп саналған, тұрқы биік барлық арғымақтар ертеде айдаһар ретінде қабылданған.

Бағзыдағы қытай жазушылары Чжан Цзинь мен Ли Бо сақара көшпелілерінің теңіз аттары жайында: «Алыстағы Батыс жақта (Ұлы Далада) айдаһарлардай алып денелі қанатты керемет аттар мекендейді», - деп әңгімелейді.

Юечжи еліндегі үңгірлерде

Арғымақ аспан тектес келді өмірге.

Арқасы теңбіл-теңбіл жолбарыстай,

Айдаһар қанаты бар денесінде...» -

деп жазады ақын Ли Бо.

Суда туған жылқылар жайындағы аңыз сақараның сан тұрлі аймақтарына мағлұм. Мысалы, Күше шаһарында (VII ғасыр) бір ғибадатхананың алдында «айдаһарлар көлі» болған. Өздерінің кейпін өзгерте отырып, осы айдаһарлар кәдімгі биелермен будандасқан. Олардан тараған ұрпақтар – қолға үйренуі қиын, бас білмейтін тарпаң асау, жабайы жылқылар.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 166 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: