22:55
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

КЕРМЕЗДЕР

Кермез – кесірлі жын-шайтан. Ол кіммен сөйлессе, бар бәле соның басына үйіріледі, үйіне ауру не ажал келеді. Кермез адамға сұржекей ат мінген ер кісі кейпінде ұшырасады. Жолаушының аты тегіс жолда жайдан-жай тоқтап, ары қарай аттап баспай қояды. Жылқы өзінің алдында жолын кес-кестеген кесірлі кермездерді, жын-шайтандарды сезеді. Мұндайда тек от қана тазалап, жолды аша алады.

Егер адам осындай жын жайлап, сайтан иектеген жерлерге тап бола қалса, әлдеқайдан бір дыбыстар: мысықтың мияулағаны, жапалақтың жалпылдағаны, ертеде өлген достары мен туыстарының дауыстары естіледі. Бұл да жаман ырым, бәле-жаланың белгісі болып саналады. Кермездер кешке қарай, күн батар шақты, адамның белсенділігі күндізге қарағанда саябырлаған кезде жанданады. Ұйқы кезінде денеден ажырайтын адам жанын ұрлап алғысы келеді. Сондықтан қызыл іңірде ұйықтауға болмайды. Бұл мезгілде кішкентай балалардың жылауына болмайды, өйткені жын-шайтан қорғансыз нәрестенің дәрменсіз үнін естіп қалып, түнде келуі мүмкін.

Кермездер ауылда тұратын адамдарды иектеп, билеп алмас үшін ауыл сыртына сүт шығаруға болмайды.

Адамға абайлау керектігін еске салып, кермездер кешкі іңірде көрінбес көлеңкелер болып кезіп жүреді.        

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 184 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: