19:33 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
АЙНА Айна – ажал әкелетін әзәзіл әйел. Ол қоныстанған үй қырсықтан арылмайды. Барлығы өліп біткенше ондағы адамдар азып-тозып, ауыра бастайды. Айнадан құтылудың жалғыз амалы – үйден ештеңе, кілем де, төсек те, киім де, ыдыс та алмай, біржола кету. Өйткені, Айна заттардан қалмай қоюы мүмкін. Еркіліктің жерасты әлемінде әйел кейпіндегі барлық жын-шайтандардың падишасы әмір жүргізетін Айна елі бар. Айна бізге көрінбейтін әлемде тірілердің жандарын ғана емес, өлгендердің жандарын да қуалап жүріп, жұтып қоюға тырсады. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |