15:24 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ДӘУ, ЖОЛАУШЫЛАР және ЖЕЗТЫРНАҚ Баяғыда бір Дәу өмір сүріпті. Оның үй-жайы, әйелі болыпты. Үйінің есігі төбесінен жасалыпты. Келген-кеткен сол есіктен кіріп-шығады екен. Бір күні Дәу үйінің үстінде жан-жағына қарап отырса, алыстан шаңдатқан үш салт атты көрінеді. Ол жерге түсіп, аттылардың алдынан шығып қарсы алады. Дәудің әйелі бұл кезде бір жаққа кеткен екен. Ол жолаушыларды үйіне бастап әкеліпті. Содан соң оларды құрметтеп, төрге отырғызып, өзі далаға шығып кетеді. Сөйтіп сырттағы аттарды байлап қояды. Үйге қайтып келіп, меймандарының алдына ас қояды. Ас желініп біткеннен кейін дәу ойларында ештеңе жоқ, қаннан-қаперсіз отырған қонақтарының аяқ-қолын байлап тастайды. Содан үшеуінің әрқайсысының басы мен желкесін қолымен басып көріп жүріп, байдың баласын таңдап, оны жей бастайды. Сонда байлаулы екі жолаушының бірі отырып: «Әкем қатты қысылғанда жылқының қылын тұтату керек деуші еді», - деп етігінің қонышынан аттың қылын суырып алады. Бұл кезде Дәу байдың баласын жеп бітіріп ақлған. Жолаушы аттың қылымен алыптың мойнынан ұрып жібергенде, қыл оның басын қиып түсіріпті. Алайда бассыз қалса да, алып дене ортада әлі теңселіп жүр дейді. Естері шыққан екі жолаушы үйдің екі бұрышына тұра қалыпты. Бір уақытта барып Дәу әлсіреп құлапты. Сол кезде жолаушылар үйден атып шығып, аттарын шешіп алып, алды-артына қарамай қаша жөнеліпті. Біраздан соң байқаса, арттарынан бір әйел қуып келе жатыр екен. Ол бағанағы Дәудің әйелі Жезтырнақ болып шығады. Екеуі садақтарын ала салып әйелге оқ жаудырыпты. Сөйтіп оны да өлтіріп, жез тырнақтарын алып жөндеріне кетіпті. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |