08:50
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ДҰМРҰЛ БАТЫР мен ЖАНАЛҒЫШ ПЕРІШТЕ

Баяғыда Дұмрұл есімді батыр өмір сүріпті. Ол алып күштің иесі болыпты. Сол күшінің арқасында тіпті Әзірейілдің өзіне қарсы тұрыпты.

Бірде Дұмрұл батыр көпір арқылы өзеннен өтіп, сол төңіректе отырған бір ауылға кез болады. Ауыл ішіне кірсе, ел, сірә, аяулы азаматынан айырылған болу керек, күңіреніп жылап жатыр екен. Сонда батыр: «Неге жылайсыңдар, азаматтарыңды кім өлтірді?» - деп сұрайды.

Ауыл тұрғындары: «Оның жанын алдашы деген жаналғыш қызыл қанат періште алып кетті», - дейді.

Дұмрұл батыр әлгі азаматтың жанын арашалап алып қалу үшін Әзірейілмен, Алдашының өзімен шайқаса кетеді.

Сол кезде Алдашы: «Сен оның жанын қайтарып аламын десең, орнына басқа бір жан тауып әкел», - дейді.

Мұны естіп, батыр жігіттің әке-шешесіне жағдайды түсіндіреді. Алайда қартайып отырса да, баласы үшін жанын бергісі келмейді. Сонда: «Күйеуімнен қалып көрер күнімнің қызығы жоқ, Құдай қосқан жарымнан жаным артық емес. Менің жанымды алсын», - дейді оның келіншегі.

Келіншектің жүректен шыққан сөздеріне разы-хош болған Алдашы жігіттің әке-шешесінің жанын алады да, келіншек пен күйеуіне жүз қырық жастан өмір береді.   

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 205 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: