10:47
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-аналардың сұрақтары:

Қызым Миа өте ұялшақ. Алдыңғы жылы сыныптастарымен достасуға мұғалімі көмектескен еді. Ал бұл жылы жаңадан келген мұғалім және сыныбында жаңа оқушылар көп. Миа шағымданбайды, бірақ оның жалғыз және бақытсыз екенін көріп жүрмін. Мүмкін, қызыма көмектес деп мұғалімге жүгінейін бе?

Дайындалыңыз. Қызыңыздың құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы үшін мұғалімнің не істей алатындығын алдын-ала қарастырыңыз. Миа сыныптан тыс іс-шараларға, спектакльдерге немесе өнер жобаларына қатыса ала ма? Мүмкін, ол басқа оқушымен бірге қандай да бір тапсырманы бірге орындай алар ма еді, мәселен, қабырға газетін редакциялауы мүмкін бе? спектакль, газет немесе өнер жобасын жасауға сіздің көмегіңіз тиетінін не тимейтінін міндетті түрде сұраңыз. Жауапты тез айтуын талап етпеңіз. Мұғалімге сіздің ұсыныстарыңызды қарастырып, өзінің жауабын айтуы үшін уақыт қажет.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Егер де ата-аналар ажырасқан болса, қайсысын мектепке шақыру керек?

Екеуін де шақырған дұрыс. Себебі өздерін назардан тыс қалдық немесе шеттетті деп сезінбес үшін екеуін де қатар айтқан жөн. Ал мұғаліммен бірге немесе жеке кездесуді ата-ана өздері шешеді. Қандай жағдай болмасын, кездесу уақытын ата-аналардың жеке проблемаларын талқылауға емес, баланың мәселесін шешуге арнаңыз. Яғни бала тәрбиесі ортақ екендігін, ата-ана ретінде қандай көмектер беріліп жатқаны туралы сөйлесіңіз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 52 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: