21:02
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-аналардың сұрақтары:

Мұғалімдердің ата-аналармен кездесуіне балалардың да қатысқаны дұрыс па? Балама пайдалы болар еді деп кейде ойлаймын.

Кездесудің басында балаға сөздеріміз қалай әсер етеді деп уайымдамай мұғаліммен ашық және емін-еркін сөйлесуіңізі керек. Ал бала дәлізде, кітапханада немесе ойын алаңында күте тұрса болады.

Дегенмен белгілі бір кезде баланы да жиналысқа шақырудың пайдасы бар. Бала жеткіншек кезінде көп нәрсеге өте осал болатынын ұмытпаңыз. Ол кішкентай, ал оның қарсы алдында – өмірінде маңызды орын алатын және ықпалды екі адам. Ең алдымен, баламен жағымды ақпараттармен бөлісіп отырған да пайдалырақ болмақ.

Ата-ана: Сенің реферат жазу барысында Амазонияның жаңбырлы ормандары туралы бізге көп мәлімет айтқаның туралы әңгімелеп отырмын.

Мұғалім: Мен сенің анаңа сен тапқан, әсіресе, қызыл көзді бақа бейнеленген иллюстрациялар балаларға қалай ұнғанын айтып бердім.

Осымен әңгімені аяқтадық. Ал бала дұрыс бағытқа бет бұрғысы келсе не істеу керек? Егер сіздің балаңызды тым баяу және жинақы емес деп елестетіп көрелікші. Ендігі кезекте бұл проблеманы сіз немесе мұғалім көтерсе де болады.

Мұғалім: Сыныптың алдында сабақ айтудан бұрын саған әлі көп нәрсе жасау керек. Істелінуі қажет заттар жайлы сөйлесейік.

Осыдан кейін үшеуіңіз жобаны аяқтаудың барлық кезеңдерін қалай ұйымдастыруға және жсопарлауға болатынын талқылай аласыздар. Мәселен, мұғалім: «Саған аралық межеліктер орнатсам, бұл пайдалы болады деп ойлаймын. Карточкаларды қашан дайындап, реферат жобасын қашан тапсыру керектігін шешеміз».

«рефератпен жұмысты бастауын үшін кітапханаға бірнеше рет алып барғанымды қалайсың ба?» - деп сіз де қоссаңыз болады.

Идеалды жағдайда бала өзі де былай деп айтса болады: «Белгіленген күндері жазбаша жоспар құрайын, ал кейін жасалған жұмыстарды сызып отырамын».

Егер мұндай әңгімеден кейін балада үміт пен шабыт оянса, кездесудің сәтті өткендігін білдіреді.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Кейбір ата-аналар өздігінше мектепке барудан сескенеді. Өз сабақтары туралы жаман естеліктері болғандықтан ба мұғалімдермен кездесуді ұната қоймайды. Осындай ата-аналарға мектепке барғанда өздерін емін-еркін сезіну үшін қалай көмектессек екен?

Мұндай жағдайдағы ата-аналардың мектепке деген жаман көзқарасын жоюдың ең оңай тәсілі – ақ пейілді, жылы қатынас. Кейбір мұғалімдер дастархан жайып, ата-аналарға шай немесе кофе ұсынып, оларды ыңғайлы орындыққа отырғызады. Жабық есіктің артында ата-ана өздерін жайлы сезінетіндіктерін бірнеше рет естігенмін. Жабық есік – адамның жеке өміріне деген құрметті білдіреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 45 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: