11:08
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Бір бала басқа балаға «таңба» қойып, атаған жағдайда не істеуге болады? Қызым Венди құрбысы сьюзенмен ойын кезінде ойыншықтарымен бөліспегенде оны «өзімшіл» деп атайды.

Мұндай жағдайда ата-аналар балаларына дұрыс шешім қабылдауына көмектесулері керек. Мәселен, бір бала досына «таңба» қоятын болса, сіз оған араласып, екеуінің жақсы қасиеттерін бір-бірінің көре білуіне көмектесе аласыз: «Венди, Сьюзеннен тек керегіңді сұрап, оны «өзімшіл» деп атамасаң қайтеді. Егер сен дос ретінде сұрасаң, ол саған беретініне сенімдімін».

 

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Әр бала белгілі бір мінез-құлықпен дүниеге келеді. Мен оқушыларымның кейбірі басқаларға қарағанда импульсивті, ұялшақ және агрессивті екенін байқадым. Олар ешқандай рөл ойнамайды, олар табиғатынан сондай.

Баланың белгілі бір генетикалық бейімділікпен дүниеге келуі, оны жеңу мүмкін емес дегенді білдірмейді. «Импульсивті» балаға іс-әрекеттерінің салдарын көре білуге көмектесу керек. «Ұялшаққа» - басқа адамдармен сөйлескен өте жағымды әрі пайдалы екенін түсіндіру керек. «Агрессивті» бала айналасындағы адамдармен сабырлы әрі бейбіт түрде сөйлесуді үйрену керек. Біз барлық балаларға үйлесімді тұлға болуға көмектесуіміз керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 53 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: