09:43
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Балаға «Сен жауапкершілігі мол адамсың» деп айтудың не жамандығы бар екенін түсіне алар емеспін. Бұл сөз оған неге ұнамайды?

Балаға жауапкершілікті сезінетін қасиетін әрдайым айтып, оны тығырыққа тірей беруге тағы болмайды. Ол сіздің қателескеніңізді дәлелдеу үшін мүлде жауапкершілік танытпауы да мүмкін немесе ішкі-сыртқы жағдайларға қарамастан ол рөлге бағынуы да мүмкін («Менің әлі білегім ауырып тұр, бірақ мен командамның жеңілуіне жол бермеуім керек»). Біз балаларымыздың тым артық салмақ түсіретін шектеулерден аулақ болғанын және кез келген істі бағалауды, өзін қалай ұстау керектігі туралы басқа адамның пікіріне емес, өз пікіріне негізделген шешім қабылдай білуін қалаймыз.

 

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Менің мектебім орналасқан аймақтың жағадйы өте қолайсыз. Кейбір мұғалімдер балалардың болмысын дұрыс танып-білмей жатып-ақ теріс мінездеме беріп жатады. Айталық, олардың бір-біріне қарым-қатынасына қарап, тіпті ойын барысында да зұлым, дөрекі «кішкентай сотқарлар» деп қабылдайды. Сондықтан мұндай жағдайда мұғалімдер шарасыз халге түсіп, бір хәрекетті істеудің өзін мүмкін еместей көреді. Осы көзқараспен келісесіз бе?

Сіз суреттеп отырған жағдай қауіпті болуы мүмкін. Егер біз, ересектер, оған үнсіздікпен қарасақ және ойын кезінде балалардың бір-біріне зиян тигізуіне жол беретін болсақ, онда балалар арасындағы барлық зорлық-зомбылықтың түріне рұқсат бергендей болар едік. Біз балаларды бар қалпында емес, оларды жасағымыз келетін қалыпта қабылдауымыз керек. Сыныптағы оқушылардың бір-бірін үнемі физикалық жағынан да, сөзбен де ренжітеді деп қатты уайымдаған бір мұғалім, бізге олардың бір-бірін басқаша қабылдауына, яғни бір-бірін түсінуге, сыйлауға болатындарын дәлелдеуді шешті. Бірде ушығып бара жатқанда ойынға қарсы ол былай деді: «Оған ауыртады! Адамға ауыртып тұрғанын байқау үшін оның тек жүзіне қарау жеткілікті. Егер адам қабағын түйсе не жыласа, онда ойында тым шектен шығып кетті деген сөз».

Бір күні мұғалім үзіліс кезінде қалжыңдасып төбелесіп тұрған екі баланы көрді. Олардың біреуі жеңілгендіктен ойынды қуана-қуана тоқтатар еді, бірақ айналасында қарап тұрғандар күліп, күреске қатысушыларды жігерлендіріп тұрды. Мұғалім оларды тоқтатуға ұмтылып еді, ұлдар мұның төбелес емес, тек «ойнап көңіл көтеру» деп түсіндіргенде, мұғалім былай деп жауап берді: «Ойын тамашалаушыға да, ойын ойнаушыға да ойын кезінде көңілді болу керек. Ойын сәтінде жеңілген баладан ойынның қызықты не қызықсыз екендігін сұрауларын керек еді. Егер көңілсіз болса, ойынды сол сәтте тоқтату керек». Бұл сөзімен мұғалім өзінің оқушыларына зорлық-зомбылық көрсетпейтінін айтып жеткізді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 58 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: