22:32 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | |
Ата-ана сұрақтары: Ұлым жауапкершілікті сезінетін рөлді игерсе екен деймін. Бірақ оған жаңа рөл артып қоямын ба деген ой мені мазалап жүр. Ал сіз бұл ойыма не айтар едіңіз? Ең маңыздысы – балаға нақты бір рөлді жүктемеу керек. «Сен жауапкершілігі мол адамсың» деген фразадан бала жауапкершілігі көп «қауіп-қатерді» сезеді. Оған бұл сөз: «Мен ешқашан саған сенім арта алмаймын» деп айтқандай сезіледі. Бұл сөздің орнына балаңыздың осыған дейін жауапкершілік танытқан бір ісін атап айтыңыз: «Кітапхананың жоғалған ақшасын қайтарып беремін деп өзің айтып едің, сөзіңде тұрдың». Осындай әдіс арқылы балаңызға өзі қалаған уақытта жауапкершілікті мойнына ала алатынын көрсетесіз.
* * *
Ұстаздар сұрақтары: Егер оқушы сіздің қанша тырысқаныңызға қарамастан өзінің рөлінен шыға алмаса, не істеуге болады? Табандылық танытыңыз. Бала сіздің тырысқаныңызға қарап қарсылық білдіріп жатыр деп есептемеңіз. Жағымсыз рөлді жалғастыратын оқушы сізді «алуға» тырыспайды. Мүмкін ол қауіпсіз, таныс аумақта қалуды жөн көретін болар. Сізге және өзіне сенуді бастамас бұрын оған бір емес, бірнеше рет жаңа сөздерді қайталауға және жаңа тәртіпте болуға тура келеді. Осыдан кейін ғана рөлін ауыстыруды күтуге болады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |